Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    9 521 млрд.
    2022 жылы жалпы Республика бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы 9 521 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 9,1%-ға жоғары.
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымының динамикасы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2022ж.
    2022 жылдағы Қазақстан Республикасындағы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің)жалпы шығарылымының негізгі көрсеткіштері
    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы
    2022ж.

    2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы 9 481,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 9,1%-ға жоғары.

    Есепті кезеңдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығырылымының жалпы көлемінде ең үлкен үлесті Солтүстік Қазақстан (12,4%), Ақмола (11,5%) , Түркістан (11,1%)  және  Қостанай (10,8%)  облыстары алды.

    Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы көлемінің өзгеруі (+,-)
    өткен жылға % (өсуі, төмендеуі)
    2022ж.

    Өсімдік шаруашылығының өсуі есептік кезеңде (өткен жылға 15,1%) дәнді және бұршақ    дақылдарды өсіруді – 38,2% және майлы дақылдарды – 24,6% көп өсірумен байланысты болды.

    Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің 35,1% және дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында – 11,8% өсуі бақыланды, ал жұртшылық шаруашылығында – 3,1%  төмендеді.

    Өсімдік шаруашылығы өніміндерінің жалпы шығырылымы көлеміндегі ең үлкен үлесті дәстүрлі түрде  Солтүстік Қазақстан (2022 жылы 15,7% ), Қостанай (14%), Ақмола (13,3%) және  Түркістан (11,2%) облыстары алды.

    Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы

    Мал шаруашылығының жалпы өнімі 2021 жылмен салыстырғанда 0,8% өсті. Бұл сүтті бағыттағы ірі қара мал көлемінің – 1,6%, жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастардың – 3,2% және құстың –3,7%, өсуімен түсіндіріледі. Малдың және енекенің басқа да тұқымдары – 3,8% кеміді.

    Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мал шаруашылығы жалпы өнімі өндірісі 1,7% кеміді, ал кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында – 4,3% және жұртшылық шаруашылығында – 0,4% ұлғайды.

    Мал шаруашылығы өніміндерінің жалпы шығырылымы көлеміндегі ең үлкен үлесті есепті кезеңде Түркістан (11%), Алматы (10,3%), Ақмола (8,8%) және Абай (7,7%) облыстары алды.

    Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы көлемінің өзгеруі (+,-)
    өткен жылға % (өсуі, төмендеуі)
    2022ж.
    Глоссарий

    Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы – аграрлық сектор саласында, сонымен бірге өткізу үшін сондай-ақ өзінің жеке тұтынуына құрылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құны. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымынан, аңшылық шаруашылығында, орман өсіру мен ағаш дайындауда, балық аулау мен акваөсірудегі өндірілген өнімнің (көрсетілетін қызметтің) құнынан қалыптасады.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы – аяқталмаған өндіріс құнының жыл басынан жыл соңына өзгеруін қоса алғанда өсімдік және мал шаруашылығында құрылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құны.

    Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі – өсімдік шаруашылығында аяқталмаған өндіріс құнының жыл басынан жыл соңына өзгеруін қоса алғанда ағымдағы жылғы түсімнен алынған барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының (дәнді, бұршақты және майлы дақылдар, тамыржемістілер мен түйнекжемістілер, темекі, көкөністер мен бақша дақылдары, жемістер мен жидектер, азықтық дақылдар, гүлдер және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерінің) құны.

    Мал шаруашылығының жалпы өнімі – ауыл шаруашылығы малдарынан алынған барлық өнімдердің құны (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың құны, ара шаруашылығы мен терісі бағалы аң шаруашылығы өнімінің құны.

    Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі (НКИ) – салыстырылып отырған кезеңде саладағы өндіріс көлемінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Жалпы шығарылымды есептеу ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жеке санаттары деңгейінде өңірлер бөлінісінде жүргізіледі, оның құрамында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары бар. Содан соң жалпы ел бойынша жалпы шығарылымды алу үшін деректер қосылады.

    Қолданыстағы бағамен ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу оның құрамына кіретін мынадай жеке көрсеткіштерді анықтаудан басталады: өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі, мал шаруашылығының жалпы өнімі, ауыл шаруашылығы салаларындағы қызметтер, орман шаруашылығындағы балық аулау және балық өсірудегі, аңшылық шаруашылығындағы өнімдер (көрсетілетін қызметтердің) көлемі.

    Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің әрбір санатындағы мақсатты бағыттардың түрлері бойынша заттай көріністегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру деректері қолданылады.

    Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

    Si = ∑(qij * pi),

    мұнда

    Si - өсімдік немесе мал шаруашылығы өнімінің «i» түрінің құны;

    qij - заттай көріністегі «j» мақсатты бағытты өнімнің «i» түрін өндіру;

    pi - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тиісті санаттағы «i» өнім түрі бойынша құндық құраушысы.

    Неғұрлым толық әдіснамалық түсініктемелер келесі сілтаме бойынша қол жетімді:

    Ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемесі


    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Ж. Каримкулова
    Тел. +7 7172 749319
    E-mail: zh.uskenbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші