Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    107,8%
    2025 жылға алдын-ала деректер бойынша өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) 107,8% құрады.
    Өсімдік шаруашылығының негізгі көрсеткіштері
    Динамикалық кестелер:

    2025 жылы дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдар нақтыланған егістік алқабы республика бойынша 16091,4 мың гектарды (2024 жылға – 96,1%), көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілер 373,8 мың гектарды (2024 жылға – 100,5%), оның ішінде ашық топырақта өсірілген көкөністер – сәйкесінше 129,1 мың гектар (102,4%), картоп – 132,0 мың гектар (107,7%), мақта – 145,6 мың гектар (136,8%) алқапты құрады.

    2025 жылы дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдардың жиналған алқабы 15907,4 мың гектарды немесе 96,1%-ды құрады, майлы дақылдардың тұқымдары – сәйкесінше 3943,2 мың гектар және 144,2%, және ашық топырақта өсірілген көкөністер – 128,1 мың гектар және 102%, картоп – 127,7 мың гектар және 106,2% 2024 жылға құрады.

    Тазалағаннан кейінгі салмақта дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдарды жалпы жинау 2024 жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,9%-ға жоғарылады және 25946,3 мың тоннаны құрады, майлы дақылдар – сәйкесінше 48,3% және 4948,5 мың тоннаны құрады.

    Көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілерді жалпы жинау 2,4% төмендеді және 9997,8 мың тоннаны құрады, сонымен қатар ашық топырақта өсірілген көкөністер (2024 жылға 3%-ке немесе 3676,2 мың тоннаға ұлғайды), картоптың (7,9%-ке және 2842,2 мың тонна) жалпы жинауы ұлғайды және бақша дақылдары ( 0,5%-ке және 2454,7 мың тоннаға) төмендеді.

    Динамикалық кестелер:

    2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда тазалағаннан кейінгі салмақта дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдардың түсімі 7,2%-ға ұлғайды және 16,3 ц/га құрады, көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілер – 2,2%-ке төмендеді және 266,5 ц/га құрады.

    Глоссарий

    Бастапқы кіріске алынған салмақ – түсімді жинау кезінде тазартпай алғандағы, арамшөбімен және минералдық қоспаларымен (топырақ, топырақ түйірі, собық масағы және өзге де қоспалар), сондай-ақ артық ылғалдығымен қоса нақты салмағы.

    Егістік жерлер – ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жердің ауданы.

    Жалпы жинау – әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістігінен, ауыл шаруашылығы екпелерінен немесе басқа ауыл шаруашылық жерлерінен өндірілген (жиналған) өнім.

    Жылыжай – бұл жылыжай өсімдіктерін және көшеттерді жыл бойы өсіруге арналған, кез келген жарық өткізетін материалмен жабылған арнаулы үй-жай.

    Жылыжайлардың жалпы алаңы – өндірістік алаң (өсімдіктерді өсіруге пайдаланылады, олардың арасынан өтуге арналған орын), сондай-ақ қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық, қосалқы өндірістік үй жайлардың алаңы.

    Көпжылғы дақылдар – жүзім, цитрус жемістері, дәндік, тұқымдас және сүйекті жемістер, жеміс ағаштары, бұталар және өзге жаңғақтар, құрамында майы бар жемістер, дәмдеуіштер, хош иісті және фармацевтикалық дақылдар, өзге де көпжылдық дақылдар.

    Маусымдық дақылдар – дәнді, бұршақ дақылдары және майлы тұқымдар, көкөністер және бақша, тамыр-жемісті және түйнекжеміс (картоп, қант қызылшасы), темекі, талшықты дақылдар (мақта, зығыр, кендір), басқа да маусымдық дақылдар (азықтық дақылдар, гүлдер).

    Органикалық өсімдік шаруашылығы – жабайы өсімдіктерді жинауды қоса есептегенде, синтетикалық тыңайтқыштарды, пестицидтерді және өсімдіктердің өсуін реттеуіштерді пайдаланбай, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру.

    Өңдеуден кейінгі салмақ (есепке алынатын салмағы) – түсімді тазартқаннан және кептіргеннен кейінгі алынған, яғни ылғалдылық және ластану дәрежесін шегергендегі нақты салмағы.

    Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптары – ауыл шаруашылығында пайдалануға және суаруға жарамды тұрақты немесе уақытша суару желісі бар жерлер.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Нақтыланған егістік және жиналған алқаптар, дәнді және бұршақты дақылдарын жалпы жинау және олардың түсімі туралы деректер ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және 100 адамнан артық жұмысшысы бар шаруа немесе фермер қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың «Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» 29-сх нысаны жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың есептілігі негізінде алынады. Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары бойынша бұл көрсеткіштер аталған шаруашылықтар санаттарындағы әр шаруашылықтағы егістік алқаптарды есепке алу деректері және А-005 «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары, жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы» іріктемелі байқаудың деректері негізінде есептелді.


    Шығаруға жауапты:
    Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Джартыбаева
    Тел. +7 7172 749162
    Орындаушы:
    Ж. Каримкулова
    Тел. +7 7172 749442
    E-mail: zh.uskenbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс