2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгенінің көлемі өткен 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,9% өсті, ал сиыр сүтінің өндірісі сәйкесінше – 4,2%, тауық жұмыртқасы – 1% өсті.
2024 жылғы 1 қазандағы ірі қара малдың 45,5% жұртшылық шаруашылықтарында; 44,2% – шаруа немесе фермер қожалықтарында және дара кәсіпкерлерінде; 10,3% – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында саналды; қой – тиісінше 39,5%, 54% және 6,5%; ешкі – 63,8%, 34,6% және 1,6%; шошқа – 35,7%, 10% және 54,3%; құс – 16,8%, 0,9% және 82,3%.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бір сауылатын сиырға келетін орташа сүт сауымы өткен 2023 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 5,6% өсті, бір жұмыртқалайтын тауыққа келетін орташа жұмыртқа шығымы 3,9% өсті.
* Статистикалық мақсаттар үшін ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларының 10-тармағы 2-тармақшасына сәйкес және шаруашылық бойынша есептің жаңартылған әкімшілік деректері негізінде шаруа және фермер қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты 2023 және 2024 жылдарға мал шаруашылығы статистикасының жеке көрсеткіштеріне арнайы қайта қарау жүзеге асырылды.
Ауылшаруашылық кәсіпорны – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны – есепті күнге шаруашылықтарда бар тірі мал мен құстың саны;
Жұртшылық шаруашылықтары – жеке қосалқы шаруашылықтар, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай телімдері. Жеке қосалқы шаруашылық – қызметі ауылды жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер телімдерін өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған жұртшылық шаруашылығы;
Мал мен құстың өнімділігі – малдың немесе құстың бір басына шаққандағы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін сипаттайтын көрсеткіш;
Мал мен құсты шаруашылықта сою немесе союға өткізу – тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару;
Мал шаруашылығының өнімін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнім мен шикізат өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері), мал мен құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімдері;
Өлім-жітім – аурулардың, апаттардың, қызметкерлердің немқұрайлы қарауы және осыған ұқсас себептер нәтижесінде өлген және амалсыздан сойылған ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны;
Төл – өлі туған төлді есепке алусыз, шаруашылыққа тиесілі аналықтардан туған тірі мал саны.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша деректер және мал мен құстың саны мынадай түрде қалыптасады:
- ауыл шаруашылығы кәсіпорындары "Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп" №24-сх нысанының ай сайынғы есебі негізінде;
- дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша – негізіне: шаруа немесе фермер қожалықтарының электрондық шаруашылық бойынша есеп және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы іріктеп зерттеу деректері енгізілген есептер негізінде;
- жұртшылық шаруашылықтары бойынша – негізіне: электрондық шаруашылық бойынша есеп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы жұртшылық шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері енгізілген есептер негізінде.
Неғұрлым толық әдіснамалық түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді:
Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі