2023 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы 7 576,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 8,4%-ға төмен.
Есепті жылдағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығырылымының жалпы көлемінде ең үлкен үлесті Түркістан (12,7%), Солтүстік Қазақстан (10%), Алматы (9,2%) және Ақмола (9,2%) облыстары алды.
Өсімдік шаруашылығының төмендеуі есепті жылда (өткен жылға 14,1%) дәнді және бұршақ дақылдарды өсіруді – 22,8% және майлы дақылдарды – 31% төмендеуімен байланысты болды.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің 22,6%, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында – 11,9% және жұртшылық шаруашылығында – 3,3% төмендеді.
Өсімдік шаруашылығы өніміндерінің жалпы шығырылымы көлеміндегі ең үлкен үлесті дәстүрлі түрде Түркістан (2023 жылы 14%), Солтүстік Қазақстан (12,7% ), Қостанай (11%) және Ақмола (8,7%) облыстары алды.
Мал шаруашылығының жалпы өнімі 2022 жылмен салыстырғанда 4,5% өсті. Бұл қызметтің экономикалық түрі бойынша «құстың» өнім көлемінің –11,7%, сүтті бағыттағы ірі қара мал көлемінің – 2,7%, жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастардың – 6,7% және малдың және енекенің басқа да тұқымдары – 3,1%. өсуімен түсіндіріледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мал шаруашылығы жалпы өнімі өндірісі 12,1%, кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында – 4,1% және жұртшылық шаруашылығында – 1,5% ұлғайды.
Мал шаруашылығы өніміндерінің жалпы шығырылымы көлеміндегі ең үлкен үлесті есепті кезеңде Алматы (10,9%), Түркістан (10,8%), Ақмола (9,8%) облыстары алды.
* Статистикалық мақсаттар үшін ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларының 10-тармағы 2-тармақшасына сәйкес және шаруашылық бойынша есептің жаңартылған әкімшілік деректері негізінде шаруа және фермер қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты 2022 және 2023 жылдарға мал шаруашылығы статистикасының жеке көрсеткіштеріне арнайы қайта қарау жүзеге асырылды.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы – аграрлық сектор саласында, сонымен бірге өткізу үшін сондай-ақ өзінің жеке тұтынуына құрылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құны. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымынан, аңшылық шаруашылығында, орман өсіру мен ағаш дайындауда, балық аулау мен акваөсірудегі өндірілген өнімнің (көрсетілетін қызметтің) құнынан қалыптасады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы – аяқталмаған өндіріс құнының жыл басынан жыл соңына өзгеруін қоса алғанда өсімдік және мал шаруашылығында құрылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құны.
Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі – өсімдік шаруашылығында аяқталмаған өндіріс құнының жыл басынан жыл соңына өзгеруін қоса алғанда ағымдағы жылғы түсімнен алынған барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының (дәнді, бұршақты және майлы дақылдар, тамыржемістілер мен түйнекжемістілер, темекі, көкөністер мен бақша дақылдары, жемістер мен жидектер, азықтық дақылдар, гүлдер және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерінің) құны.
Мал шаруашылығының жалпы өнімі – ауыл шаруашылығы малдарынан алынған барлық өнімдердің құны (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың құны, ара шаруашылығы мен терісі бағалы аң шаруашылығы өнімінің құны.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі (НКИ) – салыстырылып отырған кезеңде саладағы өндіріс көлемінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Жалпы шығарылымды есептеу ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жеке санаттары деңгейінде өңірлер бөлінісінде жүргізіледі, оның құрамында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары бар. Содан соң жалпы ел бойынша жалпы шығарылымды алу үшін деректер қосылады.
Қолданыстағы бағамен ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу оның құрамына кіретін мынадай жеке көрсеткіштерді анықтаудан басталады: өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі, мал шаруашылығының жалпы өнімі, ауыл шаруашылығы салаларындағы қызметтер, орман шаруашылығындағы балық аулау және балық өсірудегі, аңшылық шаруашылығындағы өнімдер (көрсетілетін қызметтердің) көлемі.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің әрбір санатындағы мақсатты бағыттардың түрлері бойынша заттай көріністегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру деректері қолданылады.
Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
Неғұрлым толық әдіснамалық түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді: