Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Эксперименттік статистика дегеніміз не?

Эксперименттік статистика — бұл тестілеу сатысында тұрған және ресми статистикаға кірмейтін көрсеткіштер мен құралдар. Көрсеткіштер мен құралдар инновациялық әдістерге және/немесе жаңа дереккөздеріне негізделген. Кері байланыс жинауды ескере отырып, соңғы әдіснаманы қалыптастыру процесінде тәсілдер мен нәтижелер өзгеруі мүмкін.

Жетілу дәрежесі де, нәтижелердің сапасы да ресми статистикадан ерекшеленеді, әсіресе үйлестіру, қамту және әдіснамаға қатысты. Дегенмен, бұл нәтижелер кейінірек ресми статистикаға айналуы мүмкін, әртүрлі статистикалық тақырыптарды қарастырудың жаңа және қызықты жолдарын ұсынады.

Біз эксперименттік статистиканы не үшін қалыптастырамыз және жариялаймыз?

Эксперименттік статистиканың мақсаты — пайдаланушылардың экономика дамуының уақтылы және тиісті көрсеткіштері туралы сұрауларына жауап беру. Жаңа көздер мен әдістерді пайдалана отырып, біз ресми статистикамен қамтылмаған немесе жариялануда айтарлықтай уақыттық кешігу бар салаларда статистика жасай аламыз.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жаңа және инновациялық жобалар осы бөлімде алдын ала жарияланатын болады. Бұл бізге пайдаланушылардан кері байланыс алуға және түпкілікті әдіснаманы қалыптастыру кезінде оны ескеруге мүмкіндік береді.

Эксперименттік статистиканың ресми статистикадан айырмашылығы неде?
Эксперименттік статистика Ресми статистика
Басылымның мақсаты Пайдаланушылардың кері байланысын ескере отырып, инновациялық тәсілдерді тестілеу және енгізу Пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру
Әдіснама Бекітілген әдіс жоқ, әдістер әлі де әзірленуде және тестіленуде Көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі бекітілді
Дереккөздер Дереккөздер өзгеруі мүмкін Дереккөздер бекітілді
Жариялау кестесі Статистикалық жұмыстар жоспарына енгізілмейді және қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге қарай жарияланады Бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жарияланады
Салыстыру Басқа елдердің деректерімен көрсеткіштердің барлығын салыстыруға келмейді Әдіснама үйлесімді және басқа елдермен салыстырылады
Қамту және өкілдік Эксперименттік кезеңде шектеулер болуы мүмкін Ресми статистиканың халықаралық стандарттарына сәйкес келеді
Эксперименттік көрсеткіштер мен құралдар
Зерттеу
Басқа статистикалық кеңселердің Эксперименттік статистикасы

Австрия – Статистикалық қызмет, эксперименттік статистика

Евростат – Эксперименттік статистика

Гремания – Федералды статистикалық басқармасы, эксперименттік статистика

Жаңа Зеландия – Эксперименттік статистика

Онлайн кеңесші