2024 жылғы 20 мамырдан 5 шілдеге дейін еліміздің 20 өңірінде, жекелеген елді мекендерде ұлттық статистика бюросының қызметкерлері «Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS 7)» шеңберінде үй аралау жүргізуде. Қызметкерлерде өзімен бірге тиісті куәлік, сондай-ақ қызметкердің сәйкестендіру картасы болады. Тексеру жүргізу туралы хаттар халықты алдын ала хабардар ету мақсатында әкімдіктерге жіберілді. Аралау кезінде ұлттық статистика бюросының өкілі үй шаруашылығының басшысынан оның атын, сондай-ақ тұрғын үйдегі үй шаруашылықтарының саны туралы ақпаратты және олар 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін негізгі зерттеу кезінде осы үйде тұра ма деп сұрайды. Тұрғындарға басқа сұрақтар қойылмайды. Бұл тексеру ерікті және өтеусіз негізде жүргізіледі. MICS зерттеуі Қазақстандағы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының техникалық қолдауымен сенімді деректер жинау және талдау арқылы әйелдер мен балалардың құқықтарын қолдау салаларын кеңейту мақсатында жүргізіледі.