Қазақстандағы 15-49 жастағы әйелдердің жартысы дерлік немесе 49,0% аптасына бір рет газет немесе журнал оқиды, шамамен әрбір төртінші әйел немесе 26,5% радио тыңдайды және 96,0% теледидар көреді.
Тұтастай алғанда әйелдердің 2,3% осы үш БАҚ-тың ешқайсысын пайдаланбайды, ал 97,7% БАҚ-тың жоқ дегенде бір түрін пайдаланады, ал 16,1% – аптасына жоқ дегенде бір рет БАҚ-тың барлық үш түрін (жиынтығында) де пайдаланады.
Ауылдық жерге қарағанда қалалық жердің әйелдері БАҚ-тың барлық үш түрін (20,6 және 10,2 пайыз сәйкесінше) жиі қолданады. Сонымен қатар, жоғары білімі бар әйелдер негізгі орта білімі бар әйелдерге қарағанда, БАҚ-тың барлық үш түрін үш есе жиі пайдаланады (22,5 және 6,7 пайыз сәйкесінше). Ал өте бай үй шаруашылықтарының әйелдері өте кедей үй шаруашылықтарының әйелдеріне қарағанда БАҚ-тың барлық үш түрін 3 есе жиі (24,7 және 7,1 пайыз сәйкесінше) пайдаланады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану жастардың ғылыми және шығармашылық потенциалын ашуға, жаңа білім мен дағды алу, кез келген саладағы ой-өрісін кеңейту және кәсіпқойлықты арттыруға көмектеседі.
Қазақстанда АКТ-ны жас әйелдердің пайдалану деңгейі аса жеткілікті деңгейде.
Пікіртерім алынған 15-24 жастағы әйелдердің 97,9% бір рет болсын компьютер пайдаланған; зерттеуге дейін 88,2% соңғы 12 ай бойы компьютер пайдаланған, ал 77,0% оларды соңғы ай бойы жоқ дегенде аптасына бір рет пайдаланған. Тұтастай алғанда, зерттеудің пікіртерім алынған 15-24 жастағы әйелдердің 96,8% бір рет болсын ғаламторды пайдаланған, бұл ретте зерттеуге дейін 94,6% соңғы 12 ай ішінде ғаламторды пайдаланған. Ғаламторды пайдаланған жас әйелдердің үлесі жиі, яғни соңғы ай ішінде жоқ дегенде бір рет – 89,8% құрады. Соңғы 12 ай ішінде компьютерді де, ғаламторды да пайдалану 15-19 жастағы әйелдер арасында көбірек таралған.