МДМ үшін және ЖИТС-ке қарсы іс-қимылдың жаһандық шараларын жүзеге асыруда қол жеткізілген прогресс туралы есептілік (ГАРПР; бұдан бұрын UNGASS) үшін ортақ көрсеткіш – бұл АИТВ алдын алу және берілуі туралы жан-жақты және дұрыс білімі бар жастардың пайыздық үлесі. АИТВ алдын алу және берілуі туралы жан-жақты және дұрыс түсініктер келесі білімдер призмасы арқылы айқындалады: 1) Әрбір жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты тұрақты пайдалану және тек бір ғана ауру жұқтырмаған жыныстық серіктің болуы АИТВ науқастану ықтималдығын қысқарта алатыны туралы білім; 2) дені сау болып көрінетін адамда АИТВ болуы мүмкін екенін білу; 3) АИТВ берілуіне қатысты екі негізгі жергілікті қателесуді теріске шығару.
Қазақстанда 15-49 жастағы әрбір әйел немесе сұралғандардың 97,9 пайызы ЖИТС туралы естіген.
Осыған қарамастан жиынтықта АИТВ берілуінің алдын алудың екі негізгі тәсілін – біріншіден, тек бір ғана ауру жұқтырмаған жыныстық серіктің болуы, екіншіден, әрбір жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты пайдалануды білетін әйелдердің үлесі 65,4% ғана құрады.
Бұл ретте әйелдердің олардың әрбіреуі туралы хабардар болуы жеткілікті дәрежеде жоғары: 82,3% әйелдер АИТВ берілуінің алдын алудың негізгі тәсілі тек бір ғана ауру жұқтырмаған жыныстық серіктің болуы болып табылатынын біледі, ал 71,7% әйелдер әрбір жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты пайдалану АИТВ берілуін болдырмаудың сенімді тәсілдерінің бірі болып табылатынын біледі.
Жалпы әйелдердің жартысынан азы (44,0%) АИТВ жұқпасының берілуі туралы екі ең кең таралған қателесуді теріске шығарады және тек 15-49 жастағы әйелдердің әрбір үшінші әйелі АИТВ берілуі мен алдын алу тәсілдері туралы жан-жақты білімге ие.
АИТВ-нің анадан балаға берілуі туралы білімнің болуы да баланың АИТВ жұқпасын жұқтыруының алдын алу үшін жүктілік кезінде АИТВ-ға тестіден уақтылы өту (қан талдауын тапсыру) үшін ең маңызды қадам болып табылады. Әйелдер АИТВ балаларға жүктілік кезінде, босану кезінде және емізу кезінде (емшек сүтімен) берілуі мүмкін екенін міндетті түрде білулері тиіс.
15-49 жастағы әйелдердің жартысынан көбі (58,0%) АИТВ-ның анадан балаға берілуінің барлық үш тәсілін біледі, ал он әйелдің біреуі (9,6%) АИТВ-ның анадан балаға берілуінің нақты бір де бір тәсілін білмейді. АИТВ анадан балаға (ұрыққа) жүктілік кезінде баланың жолдасы арқылы берілуі ең танымал тәсіл болды, ол туралы әйелдердің 83,8 пайызы біледі; АИТВ босану кезінде берілуі мүмкін екенінен әйелдердің 77,3 пайызы хабардар екен. Әйелдер АИТВ жұқпасының кеудемен тамақтандыру кезінде берілуі туралы ең аз хабардар және осындай білімге ие әйелдердің үлесі 64,7 пайыз деңгейінде ғана болды.
АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға қарым-қатынас көрсеткіші олардың қоғамдағы стигматизациясы мен кемсітушіліктің өлшемі болып табылады. Егер респонденттер келесі: 1) ЖИТС-мен ауыратын үй шаруашылығы мүшесін өз үйіңізде күтер ме едіңіз? 2) АИТВ оң сатушыдан сіз жаңа піскен көкөністер сатып алар ма едіңіз? 3) АИТВ жұқтырған оқытушыға мектепте жұмыс істеуін жалғастыруға рұқсат беру қажет деп есептейсіз бе? 4) егер отбасы мүшесі АИТВ жұқтырған болса, сіз бұны құпияда сақтағыңыз келмес пе еді? деген төрт сұраққа оң жауап берсе стигматизация мен кемсітушілік дәрежесі төмен
Қазақстанда 90,8% әйелдер АИТВ-мен ауыратын тұлғаларға деген көзқарастары дұрыс екенін көрсетті. Ең кең таралған төзімді қарым-қатынас ЖИТС-мен ауыратын үй шаруашылығы мүшесін өз үйінде күтуге дайын екені болып табылады (82,2%).
Әйелдердің үштен бірі АИТВ-оң бірақ науқас емес оқытушыға мектепте жұмыс істеуіне рұқсат беру қажет деп есептейді (34,9%); әрбір бесінші әйел АИТВ-оң сатушыдан жаңа піскен көкөніс сатып алуға дайын және отбасы мүшесі АИТВ жұқтырған болса бұны құпияда ұстамас еді (20,1 және 20,5 пайыз тиісінше).
Қазақстанда әйелдердің 76,0% АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға кемсітушілік қарым қатынасты екі көрсеткішті талдау, теріс жауап берілген келесі сұрақтар бойынша: 1) АИТВ оң сатып алушыдан жаңа піскен көкөніс сатып алар еді және 2) АИТВ-мен өмір сүретін балалар АИТВ теріс балалармен мектепке бірге бару мүмкіндігіне ие болуы тиіс пе деген сұрақтар көрсетті.
15-24 жастағы және жиі 15-19 жастағы жас әйелдер мен қыздар АИТВ берілуінің алдын алудың барлық жолдары туралы және АИТВ қатысты барлық қателесулер туралы ересектеу әйелдерге қарағанда көбіне нашар ақпараттанған.
Шамамен 15-24 жастағы әйелдердің әр төртінші әйелі АИТВ туралы жан-жақты білімі бар (26,7%); 15-24 жастағы әйелдердің жартысы (48,0%) АИТВ-ның анадан балаға берілуінің барлық үш тәсілін біледі, осы жастағы топтың екі әйелден көбі (71,4%) АИТВ анықтайтын тестіні жасайтын орынды (мекемелерді) біледі.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімді көзқарасты жоғарыда сипатталған барлық төрт көрсеткіш бойынша 15-24 жастағы әйелдердің 2,2 пайызы көрсетті. Қалалық жерде АИТВ-оң адамдарға төзімділік деңгейі 2,6%, ауылдық жерге 1,7% құрады.
АИТВ жұқтырғандарға (2 көрсеткіш бойынша) кемсітушілік көзқарас жас әйелдердің 78,4% көрсетті, бұл 15-49 жастағы әйелдер көрсеткішімен салыстырғанда.