Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Тарау 6. Сауаттылық және білім беру
Сауаттылық және білім беру
Білім беру ұзақмерзімді "Қазақстан – 2030" Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда мақсаты білім беру жүйесін жетілдіру және жақсы білім алу арқылы елдің адами әлеуетінің сапасын жақсарту болып табылатын көптеген реформалар қабылданып, іске асырылуда
Сауаттылық және білім беру

Сауаттылық респонденттің қысқа қарапайым сөйлемді оқи алу қабілеті бойынша немесе кем дегенде бастауыш мектепке бару негізінде бағаланды.

Қазақстанда 15-24 жастағы жас әйелдердің атолық 100% сауаттылығы байқалады. Қазақстанда сауаттылық жалпыға ортақ болып табылатындықтан, әйелдердің сауаттылық жағдайында олардың негізгі сипаттамалары бойынша ерекшелік жоқ.

Мектепке дайындық

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту және жетілдіру Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыты болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде әзірленеді. Олардың негізінде мемлекеттік және мемлекетік емес мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 2-3- жастан 6-7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту өткізіледі.

Қазақстанда жалпы бірінші сынып оқушыларының 90,8% өткен оқу жылы мектепке барғанға дейін мектепке дейінгі білім беру мекемесіне барған. Үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары балаларды мектепке дайындау кезінде қандай да бір деңгейде оң рөлге ие: өте бай үй шаруашылықтарында тұрып жатқан балалардың 96,7% өткен жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне барған, ал өте кедей үй шаруашылықтарындағы балалар арасында тиісті көрсеткіш тек 88,3% ғана құрады.

Мектепке дейінгі мекемеге баратын 5-6 жастағы балалардың пайыздық үлесі 47,8%, ал бастауыш мектепке баратындар 36,1% құрады. Мектепке дейінгі мекемелерге барудың түзетілген коэффициенті 84,0% құрады. Бұл ретте 5 жастағы балалардың ең көп бөлігі мектепке дейінгі мекемеге барған (68,1% бала) және тек 2,6% бастауыш мектепке; 6 жастағы балалар арасында шамамен балалардың үштен бірі мектепке дейінгі мекемелерге барған (28,9%), ал 67,4% бастауыш мектепке барған.

Бастауыш және орта мектепке бару

"Білім беру туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында (2016 жылғы сәуірдегі енгізілген өзгерістермен) білім беру жүйесі келесі білім беру деңгейлерін қамтиды:

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
бастауыш білім
негізгі орта білім
орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім)
орта білімнен кейінгі білім
жоғары білім
жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Қазақстанда оқытуға 1 сыныпқа алты немесе жеті жастан бастап қабылданады, әрбір ата-ана өз баласын мектепке қандай жаста беру керектігін өз бетінше анықтауға құқылы.

Қазақстанда оқытуға 1 сыныпқа алты немесе жеті жастан бастап қабылданады, әрбір ата-ана өз баласын мектепке қандай жаста беру керектігін өз бетінше анықтауға құқылы.

Балалар арасындағы бастауыш мектепке түсу (толық 7 жас) Қазақстанда 2015-2016 оқу жылында бастауыш мектепке 99,2% бала барды; 6 жастағы балалар арасында бастауыш мектептің бірінші сыныбына балалардың 67,4% барды.

7-10 жастағы балалардың бастауыш мектепке барудың таза (түзетілген) коэффициенті (БТК) 99,5% құрады. 11-17 жастағы балалардың орта мектепке барудың таза (түзетілген) коэффиценті (БТК) 98,9% құрады. 11-15 жастағы балалардың негізгі орта мектепке барудың таза (түзетілген) коэффиценті (БТК) 99,4% құрады. 16-17 жастағы балалардың жалпы орта мектепке барудың таза (түзетілген) коэффиценті (БТК) 95,7% құрады, бұл негізгі орта мектепке барудың таза (түзетілген) коэффицентінен (БТК) біршама төмен.

Жалпы Қазақстанда бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім жүйесіндегі жыныстардың тең құқықтылығы индексінің (ЖТИ) мәні 1,00 құрайды, бұл жалпы білім беретін мектептердің аталған барлық деңгейлеріне ер балалар мен қыз балалардың баруында айырмашылықтың жоқ екенін көрсетеді, жалпы орта мектеп үшін аталған көрсеткіш 1,01 құрады.

Жалпы ЖТИ үшін негізгі сипаттамалар бойынша айырмашылықтар жоқ. Жыныстардың тең құқықтылығы индексі жалпы орта мектептің ЖТИ (түзетілген) коэффициенті үшін қалалық жерде, сонымен бірге ауылдық жердегі қыздар мен ұлдар (1,03 және 0,98 пайыз тиісінше) болмашы гендерлік ажырау бар екендігін көрсетеді.

Жынысы бойынша бөліністе білім беру көрсеткіштері
Онлайн кеңесші