MICS-те туудың ара жас шамасына қарай және жиынтық коэффициенті әр әйелдің соңғы босану күні туралы ақпаратты пайдалана отырып есептеледі және зерттеу жүргізудің алдындағы бір жылдық кезеңге (1-12 айлар) негізделген.
Қазақстанда 15-49 жастағы әйелдер арасында туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға 21 тууды құрады, бұл көрсеткіш қалалық және ауылдық жерлерде 1 000-ға тиісінше 20 және 23 тууды құрады. 15-19 жастағы жас өспірімдердің арасындағы туу коэффиценті 1 000 әйелге 36 тууды құрады.
Туудың жиынтық коэффициенті Қазақстанда MICS өткізілетін бір жылда 15-49 жастағы бір әйелге 3,0 тууды құрады, ауылдық жерде туу деңгейі қалалық жерге қарағанда жоғары (3,7 және 2,6 туу тиісінше).
Қалалық және ауылдық жерден әйелдердің жас шамасына қарай туу коэффициентінде айырмашылықтар бар, олар 20-24 жастағы жас тобының әйелдері үшін едәуір көрініс табады: егер аталған жас тобының 1 000 әйеліне қалалық жерде 148 туу келсе, ал ауылдық жерде туу деңгейі 2 еседен жоғары (1 000 әйеліне 304 туу).
15-19 жастағы әйелдер бойынша 15 жасқа дейін туу жағдайлары жоқ. 3,9 пайыз әйелдер бала туған немесе баласы бар, 15-49 жас тобындағы әйелдердің 1,4% бірінші балаға жүкті. 18 жасқа толғанға дейін тірі бала туған 20-24 жастағы әйелдердің пайыздық үлесі 2,2% құрады, бұл ретте осы жастағы әйелдер жоғары білімі бар әйелдерге қарағанда негізгі орта білімі бар әйелдер ерте балалы болудың жоғары көрсеткіштеріне ие (15,7% және 0,5% тиісінше).
Отбасын дұрыс жоспарлау әйелдер мен балалардың денсаулығы үшін маңызды рөлге ие, себебі: 1) тым ерте және тым кеш жүктіліктің алдын алады; 2) жүктіліктер арасындағы интергенетикалық интервал деп аталатын, уақыт бойынша бөлінген бала туылуы таймингін (күнтізбесін) жоспарлауға мүмкіндік береді; 3) балалардың жалпы санын шектейді. ДДҰ анықтамасы бойынша "отбасын жоспарлау – бұл дені сау және күткен балалардың туылуы үшін ұрпақты болу функциясын бақылауды қамтамасыз ету". Сондықтан барлық ерлі-зайыптылардың тым ерте немесе тым кеш жүктіліктің немесе жүктіліктер арасындағы өте қысқа мерзімдегі жиі жүктіліктер немесе тым көп жүктіліктердің алдын алу үшін ақпаратқа және көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігі аса маңызды.
Қазақстанда қандай да бір контрацепцияның әдістері туралы, заманауй әдістерді қосқанда, 15-49 жастағы сұралған әйелдердің барлығы дерлік хабардар (98,8%).
Контрацепцияның ең танымал әдісі жатыр ішілік спираль (ЖІК) болып табылады, оны әрбір үшінші тұрмыстағы әйел қолданады (31,9%). Келесі неғұрлым жиі пайдаланылатын әдіс/құрал ерлер мүшеқабы болып табылады, олардың қолданылуы туралы ресми (ресми емес) некеде тұрған әйелдердің 12,5% хабарлады, ал әйелдердің 6% астамы таблеткалар қабылдаған.
Инъекция, диафрагма/көбік/гельдер, трансдермалды бұласырлар, лактациялық аменорея (ЛАӘ), немесе үзілген жыныстық қатынас немесе оқтын-оқтын жыныстық қатынасқа түспеу, сондай-ақ әйелдер стерилизациясы сияқты контрацепция әдістері/құралдары кең таралмаған және оларды тек 0,1-1,7% әйелдер ғана қолданған.
15-19 жастағы жасөспірімдер неғұрлым ересек әйелдерге (20-49 жас) қарағанда контрацептивтік құралдарды сирек пайдаланады.
Босанғанға дейінгі кезеңде жүкті әйелдерді емдеу-профилактикалық іс-шаралар қатарымен қамту олардың денсаулықтары мен амандығы және олардың балаларының денсаулығы мен амандығы үшін өте маңызды және өмірлік қажетті болып табылады.
Қазақстанда білікті медицина қызметкерімен босанғанға дейінгі бақылаумен қамту өте жоғары екенін көрсетеді және 99,3% құрады.
Жүктілерді босанғанға дейінгі бақылаудың басым бөлігі жоғары білікті дәрігерлермен (92,2%), медбикелерде немесе акушерлерде жүктілердің 6,6%, фельдшерлерде – 0,5% бақыланған, бұл орта медицина қызметкерінің 2 санаты көбінесе ауылдық жерлерге тән (10,8% және 1,0% тиісінше).
Босанғанға дейін қадағалаудың әртүрлі модельдері тиімділігінің нәтижесін негізге ала отырып, бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жүктілік кезінде босанғанға дейін ең аз дегенде төрт рет дәрігерге (келіп-кету) қаралуды ұсынады. Қазақстанда жүкті әйелдердің 95,3% ең аз дегенде төрт рет дәрігерге қаралды.
Жалпы соңғы екі жылда тірі бала туған әйелдердің 90,2% босанғанға дейінгі бақылау үшін медицина мамандарына алғашқы қаралуды босанғанға дейінгі бақылауды алған жүктілер арасында алғашқы бару сәтінде жүктіліктің 2 айлығында медианамен соңғы жүктіліктің бірінші кезеңінде жасаған.
Жүктіліктің алғашқы кезеңінде 20-дан жасырақ жүкті әйелдердің тек 82,9% ғана 20-34 жастағы әйелдердің 91,1% салыстырғанда босанғанға дейінгі бақылау үшін медицина қызметкерлеріне барған.
Төрт ана өлімінің үшеуі босандыруға тікелей жататын себептер бойынша болады. Босанғанда білікті адамның болуы көрсеткіші Мыңжылдық дамуының ана денсаулығын жақсартудың 5 мақсатына жылжуды қадағалау үшін, сондай-ақ жақын арада қабылданған Тұрақты дамудың мақсаттарын пайдаланады.
Қазақстанда 99,4% босандырулар білікті маманмен қабылданған және барлық босандырулар мемлекеттік мекемелерде өткен.
Қазақстанда босанудың 90% астамы жоғары білікті дәрігерлер қабылдаған, ал босанудың 9,1% – орта медицина қызметкері – медбикелер мен акушерлер қабылдаған.
Жалпы босандырудың 14,8% кесарь тілігінің көмегімен болған. Бұл ретте босанушылардың 9,6% толғақ басталғанға дейін келісімін берген, ал босанушылардың 5,3% үшін бұл шешім толғақ кезінде қабылданды.
Босану уақыты мен одан кейінгі кезең ананың да, нәрестенің де өмірін сақтап қалу үшін медициналық араласуды жедел жүзеге асыруға болатын аса маңызды кезең болып табылады. Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 3 миллион нәресте өмірінің алғашқы айында шетінеп кетеді, және бұл өлімнің көпшілігі босанғаннан кейінгі бірінші немесе екінші күнге тиесілі, – бұл кезеңге ана өлімінің көпшілігі де тиесілі.
Қазақстанда медициналық мекемеде бала туған әрбір дерлік әйел босанғаннан кейін ол жерде 12 немесе одан көп сағат бойы қалады (99,9%), өңірлік айырмашылықтар жоқ десе болады. Он әйелдің тоғызы (89,0%) босанғаннан кейін медициналық мекемелерде 3 және одан көп күн бойы болған; олардың 44,4% медициналық мекемелерде босанғаннан кейін тура 3 күн қалған; ал 11,0% әйелдер босанғаннан кейін медициналық мекемелерде 3 күннен аз күн қалған.
Қазақстанда 2015 жылғы MICS нәтижелері тірі туылудың 97,4 пайызында аналар да олардың нәрестелері де босанғаннан кейін алғашқы екі күн денсаулығының жағдайына тексеруді, не БКБ үшін уақтылы баруды алғанын көрсетті, ал 0,6 пайыз жағдайда босанудан кейінгі жағдайларда аналар да, жаңа туған сәбилер де денсаулығы жағдайына тексерулер де, уақытылы барып қайтулар да алмаған, ал 1,9 пайыз жағдайларда мұндай бақылауды тек нәрестелер алған. Жалпы қалалық та, ауылдық та аналар мен жаңа туған балалардың денсауылығы жағдайына тексерумен және БКБ үшін алғашқы екі күн уақытылы барып қайтумен қамтамасыз етілген (98,3 және 96,5 пайыз тиісінше). Басқа да негізгі сипаттамаларына қарай айырмашылықтар аз.
Қазақстанда 15-49 жастағы әрбір бесінші әйел (20,1%) кем дегенде бір инцукцияланған түсік жасатқан.
2-3 рет немесе 4 және одан көп түсік жасатудың ең жоғары пайызы 40-44 жастағы және 45-49 жас тобындағы әйелдер арасында (46,2 және 45,4 пайыз тиісінше және 7,0 және 8,4 пайыз тиісінше) байқалады.
Түсік жасатудың жиынтық коэффициенті 15-49 жастағы 1 әйелге 0,3 құрады, ал 1 000 әйелге есебімен жалпы түсік жасату коэффициенті 10 жасанды түсікті құрады.