Қазақстанда халықтың көп бөлігі немесе 97,3% ауыз судың жақсартылған көзін: қалалық жерде 99,7% және ауылдық жерде 94,6% пайдаланады.
Жақсартылған ауыз судың қолжетімділігі диарея, безгек сияқты аурулардың алдын алады және жеткіліксіз тамақтану әсіресе ауылдық жерлерде әйелдер мен балалар үшін өте өзекті болып табылады.
Қазақстанда халықтың көп бөлігі немесе 97,3% ауыз судың жақсартылған көзін: қалалық жерде 99,7% және ауылдық жерде 94,6% пайдаланады.
Ауыз судың негізгі көзі елдің 80% халқы пайдаланатын су құбырының суы болып табылады.
Елде ауыз судың жақсартылмаған көздерін пайдаланатын халықтың 46,4% суды тазартудың тиісті тәсілдерін қолданады. Халықтың үштен бірі дерлік суды тазарту үшін қайнатуды пайдаланады; түрлі сүзгілердің көмегімен суды сүзу әдісін халықтың 25,8%, суды тұндыру әдісін халықтың 8% пайдаланады.
Тұрғындар бөлігінің жақсартылған санитария құралдарына және таза суға қол жеткізбеуі аурулардың бірі диарея болатын түрлі ауру қоздыратын ішек инфекцияларының таралу факторларының бірі болып табылады.
Қазақстан халқының 99,9% жақсартылған жалпыға ортақ емес санитариялық-гигиеналық құрылғылар пайдаланылатын үй шаруашылықтарында тұрады, бұл ретте негізгі сипаттамалар бойынша айтарлықтай айырмашылықтар жоқ.
Жақсартылған санитариялық-гигиеналық құрылғы адамның адам нәжістерімен байланысын гигиеналық түрде болдырмауға мүмкіндік беретін құрылғы ретінде айқындалады. Адам экскременттерін жоюға арналған жақсартылған санитариялық-гигиеналық құрылғылар өзіне кәріз жүйесіне қосылған шайғышы немесе ағызғышы, тұндырғысы немесе қоқыс төгетін оры бар әжетхананы; желдеткіші бар жақсы жабдықталған қоқыс төгетін оры, төсеніші бар қоқыс төгетін орды қамтиды.
Елде халықтың 48,1% шайғышы/ағызғышы бар әжетханаларды, ал 51,8% – төсеніші бар қоқыс төгетін оры немесе желдеткіші бар қоқыс төгетін оры бар әжетханаларды пайдаланатыны көрсетілген.
Қалалық жерде халықтың 68% көбі шайғышы кәрізге қосылған әжетханаларды, ал ауылдық жерде халықтың 85,5 % төсеніші бар қоқыс төгетін оры немесе желдеткішпен жабдықталған қоқыс төгетін оры бар жабық әжетханаларды пайдаланады.
Ауыз судың жақсартылған көздеріне және жақсартылған санитариялық-гигиеналық құрылғыларға қол жеткізу үй шаруашылығы мүшелерінің денсаулығына белгілі бір пайда келтіреді.
Қазақстандағы 97,3% үй шаруашылықтары жақсартылған ауыз су көзіне қол жеткізеді, ал 98,0% үй шаруашылықтары жақсартылған санитарияға қол жеткізеді. Жалпы алғанда елде халықтың 95,4% жақсартылған ауыз су көзіне және жақсартылған санитарияға қол жеткізеді.
Қолды су және сабынмен жуу бес жасқа дейінгі балалардың диареямен және пневмониямен науқастануын төмендетуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың неғұрлым үнемді шарасы болып табылады.
Қазақстандағы әр үй шаруашылықта (99,0%) қол жууға арналған орында су мен сабын бар болды.
Қазақстандағы әр үй шаруашылықта қол жууға арналған орында су мен сабын бар болды.