Темекі бұйымдары – бұл шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін арналған шикізат ретінде толық немесе ішінара темекі жапырағынан дайындалған бұйымдар. Темекі бұйымдарының түрлері – шегетін және шекпейтін, тұтынуқасиеттеріментұтынутәсілібойынша ұқсас темекі бұйымдарының жиынтығы. Оларға сигареттер, сигаралар, сигариллалар (сигариттер) папиростар, кальянға арналған темекі, шегетін жіңішке қиылған темекі, түтікшелітемекі, биди, кретек, соратын темекі, шайнайтын темекі, иіскейтін темекі, насыбай және басқа да темекі бұйымдары жатады. Олардың барлығында психологиялық белсенді, қатты үйренуді тудыратын: никотин бар. Темекі бұйымдарын қолдану – созылмалы аурулардың, оның ішінде обыр, өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларының бірқатары қатерінің негізгі факторларының бірі. 64) Әйелдер, әсіресе жас әйелдер арасында, темекі шегу өздерінің денсаулығына және балаларының денсаулығына, сондай-ақ жүктіліктің өтуіне және оның соңына елеулі әсер етеді. Әйелдердіңжүкті кезінде темекі шегуі іштегі нәрестенің жатыр ішінде дамуына теріс ықпал етеді; оның үстіне түсік тастау немесе нәрестенің шала тууы, сондай-ақ туа біткен патологиялардың немесе жаңа туылған нәресте салмағының кем болуы ықтималдығы – жүкті кезінде темекі шегетін әйелдер үшін жеткілікті қатер тудырады. Алкогольді шамадан тыс қолдану оның масаңдататын, уытты және тәуелділік туындататын қасиеттеріне байланысты денсаулық және әлеуметтік салдар үшін жағымсыз салдар қатеріне әкеп соғады. Ұзақ мерзімді перспективада алкоголь ішімдіктерін шамадан тыс қолдану жүрек-қан тамырлары жүйесінің проблемаларына, неврологиялық бұзылуларға, бауырдың ауыруына және әлеуметтік проблемаларға әкеп соғуы мүмкін. Алкоголь ішімдіктері шамадан тыс қолданатын адамдарда дамуы мүмкін созылмалы аурулардан басқа, жарақаттардың, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) нәтижесінде, себебі болады. 65) Алкогольді шамадан тыс қолдану отбасылық қарым-қатынасты бұзады, балалардың тиісінше тәрбиеленуіне теріс әсер етеді және осылайша тұтастай, қоғамның көп бөлігіне жағымсыз әсер етеді. 66) Қазақстанда 2015 жылғы MICS барысында бұрын және қазіргі уақытта темекі бұйымдарымен алкогольді қолдану, оларды 15-49 жастағы әйелдердің қолдану қарқыны туралы ақпарат жиналды. Бұл бөлімде негізгі нәтижелер көрсетілген.
TA.1 кестесінде 15-49 жастағы әйелдердің бұрын және қазіргі уақытта темекі(темекі бұйымдарын) қолдануы туралы деректер келтірілген. 2015 жылғы MICS нәтижелері бойынша Қазақстанда әйелдердің 26,9 пайызы қашан да болса белгілі бір темекі бұйымын қолданғанын, бұл ретте әйелдердің 8,4 пайызы сигареттер шеккенін немесе шегетін немесе шекпейтін темекі бұйымдарын зерттеуге дейін соңғы ай ішінде бір немесе бірнеше күн ішінде қолданғанын хабарлады. Қалалық жерде әйелдердің қашан да болса темекі бұйымдарын қолдануы, ауылдық жерге қарағанда, жоғары (тиісінше 34,7 және 16,9 пайыз); соңғы айда темекі шеккен қалалық әйелдердің үлесі, ауылдық әйелдерден екі еседен асады (тиісінше 11,4 және 4,7 пайыз). Қашан да болса темекі бұйымдарын қолданған әйелдер Алматы қаласында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында (44,1-46,1 пайыз) көп. Әйелдердің 10 пайыздан кемі Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында (тиісінше 7,8, 8,8 және 9,9 пайыз) кез-келген темекі бұйымдарын қолданған.Қашан болмасын темекі бұйымдарын қолданған әйелдердің 18,3 пайызы тек сигареттерді шеккен, бұл ретте олардың 5,7 пайызы сигареттер және басқа темекі бұйымдарын шеккен. Соңғы ай ішінде темекі бұйымдарынан әйелдердің 7,1 пайызы тек сигареттерді шеккен. 25-29 жас, 30-34 жас және 35-39 жастағы шамамен әйелдердің үштен бірі (32 пайызға жуық) қашан да болса кез келген темекі бұйымдарын қолданған. Осы әйелдердің жас топтары және 40-44 жастағы әйелдер соңғы ай ішінде темекі бұйымдарын қолданғандар арасында (шамамен 9-11 пайыз) басымдыққа ие (ТА.1 графигі). Қашан да болса және соңғы ай ішінде темекі бұйымдарын ең жас тобы 15-19 жастағы әйелдер аз қолданған (тиісінше 8,4 және 2,3 пайыз). Кем дегенде 5 жасқа дейінгі бір баласы бар үй шаруашылығында тұратын және темекі бұйымдарын қолданған әйелдердің үлесі, балалары жоқ үй шаруашылығында тұратындарға қарағанда, төмен (тиісінше 22,0 және 30,2 пайыз), ал соңғы айда темекі шеккендер арасында олардың үлесі екі есе азайған (тиісінше 5,0 және 10,8 пайыз). Молшылық деңгейі жоғары үй шаруашылығынан шыққан, қашан да болса темекі бұйымдарын қолданған әйелдер үлесі, әл-ауқат деңгейі төмен үй шаруашылықтары арасындағыларға қарағанда, екі есе жоғары (тиісінше 37,3 және 17,1 пайыз). Қашан да болса темекі бұйымдарын қолданған әйелдердің арасында ұлты орыстар жартысынан (56,8 пайыз) көп, шамамен осындай жағдай соңғы ай ішінде темекі бұйымдарын қолданумен сақталды (23,4 пайыз). Әйелдердің 73 пайызы ешқашан шекпегенін және темекі бұйымдарының қандай да бір түрін қолданбағанын айтты, бұл ретте ауылдық жерде мұндай әйелдердің үлесі қалалық әйелдерден әлдеқайда басып озады (тиісінше 83,1 және 65,2 пайыз).