Өз табысының, білімінің, денсаулығының, өмір сүру жағдайларының және т.б. деңгейін әрқайсысының объективті жағдайына, мәселен, нақты табысы немесе физикалық денсаулығына қарамастан, оларды субъективті қабылдау адам өмірінде маңызды орынға ие63) . MICS барысында 15-24 жастағы әйелдерге бірқатар сұрақтар қойылды, олардың мақсаттары осы жас ерекшелік тобының жас әйелдері отбасы өмірі, достық байланыстар, оқу, жұмыс, табыстар, денсаулығының жағдайы, тұру жағдайы (тұратын ауданы, көршілері, тұрғынжай сапасы және т.б.), қоршағандарының қатынасты, өзінің сыртқы түрі және т.б. сияқты өз өмірінің түрлі жақтарымен қаншалықты қанағаттанғандығын анықтау болды. Өмірге қанағаттанушылық – бұл адамның өз әл-ауқат деңгейін түсіну шамасы. Жас әйелдердің өз өмірінің түрлі салаларымен қаншалықты қанағаттанатынын түсіну жас әйелдер тап болатын өмірлік жағдайлардың толық бейнесін көруге мүмкіндік береді. «Өмірмен қанағаттану» және «бақыт» ұғымдарының арасында айырмашылықты да анықтауға болады. Бақыт – ауа райынан бастап отбасы мүшесінің қайтыс болуына дейін көптеген факторлардың әсеріне ұшырайтын қас-қағым сәттік эмоционалдық жай-күй. Адам өзінің жұмысына, кірісіне, отбасылық өміріне, достарына және өз өмірінің басқа да жақтарына қанағаттанушылық білдіруі мүмкін, бірақ бұл ретте өзін бақытсыз немесе керісінше сезінуі мүмкін. Өмірге қанағаттанушылық туралы бірқатар сұрақтардан басқа, респонденттерге бақыт пен болашақта (бір жылдан кейін) өмірін жақсы жағына қарай өзгерту мүмкіндігіне сенімі туралы бірнеше қарапайым сұрақтар қойылды. Респонденттерге бақыт және өмірге қанағаттанушылық туралы сұрақтар кешеніне жауап беруге көмектесу үшін оларға жауаптардың түрлі нұсқаларына сәйкес келетін (F қосымшасындағы сұрақтарды қараңыз) жүздері күлімсіреген (онша күлімсіремеген): «толық қанағаттанамын», «ішінара қанағаттанамын», «ол да емес, бұл да емес», «ішінара қанағаттанбаймын», «мүлдем қанағаттанбаймын» деген карточкалар көрсетілді. Бақыт туралы сұраққа қатысты да осы қағидат пайдаланылды, бұл ретте жауап нұсқалары «өте бақыттымын» дегеннен бастап «онша бақытты емеспін» дегенге дейін болды. SW.1 кестесі зерттеу үшін 15-24 жастағы жас әйелдердің олар өз өмірінде таңдап алған салаларында қаншалықты қанағаттанатынын көрсететін үлес келтірілген. Үш сала үшін: оқуға, жұмысқа және кіріске қанағаттанушылық – бөлгіштер қазіргі уақытта оқитын, жұмысы мен кірісі бар адамдар санымен шектелгеніне назар аударыңыздар. Өмірдің осы түрлі саласынан жас әйелдердің шамамен 97 пайызы отбасылық өміріне (97,1 пайыз), сыртқы келбетіне (97,2 пайыз), айналасындағылардың қарымқатынасына (97,1 пайыз), денсаулық жағдайына (96,6 пайыз) және достық байланыстарға (96,7 пайыз) қанағаттанушылық білдірген. Тұру жағдайларымен (айналасындағылармен) жас әйелдердің 92,4 пайызы қанағаттанады. Әйелдердің өздерінің қазіргі кірісіне (89,0 пайыз) қанағаттанбайды: жас әйелдердің 75,0 пайызының мүлдем кірісі жоқ. 15-19 жастағы жас қыздардың тек 4,6 пайызы және 20-24 жастағы әйелдердің 40,5 пайызының табысы бар. 15-24 жастан әйелдердің 89,0 пайызы табысымен қанағаттандыру білдірді. Жалпы оқумен 15-24 жастағы әйелдердің 96,4 пайызы немесе (осы жастағы мектепке баратындардың 49,6 пайызынан) толығымен немесе ішінара қанағаттанған. Олардың ішінен 20-24 жастағы әйелдердің 97,5 пайызы толығымен немесе ішінара қанағаттанған (оқу орындарына баратын көрсетілген жастағы әйелдердің 21,5 пайызынан). Тұру жағдайларымен (айналасындағылар) қанағаттанушылық жас әйелдердің арасында өңірлер бойынша Алматы қаласында 78,1 пайыздан бастап, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында шамамен 99 пайызға дейін құбылады. Оқуға қанағаттанушылығын Астана қаласында және Ақтөбе облыстарында тұратын әйелдердің 90 пайыздан азы білдірді (тиісінше 87,7 және 89,0 пайыз). Жас әйелдердің өмірінің бөлек аспектілерімен қанағаттану бойынша қорытынды жасау үшін негізгі сипаттамалар бойынша елеулі айырмашылықтар жоқ.