Туылған кездегі салмақ ананың денсаулығы мен тамақтану жағдайының ғана емес, жаңа туған нәрестенің өмір сүру, өсу, ұзақ мерзімді денсаулық және психологиялық әлеуметтік даму мүмкіндіктерінің де көрнекі көрсеткіші болып табылады. Туылған кездегі төмен салмақ (2500 грамнан төмен деп айқындалатын) балалар денсаулығына бірқатар қауіп төндіреді. Дамушы елдерде туылған кездегі төмен салмақ бірінші кезекте денсаулықтың және ананың тамақтануының нашар болуына байланысты.
Қазақстанда тұтастай алғанда туылған кезде нәрестелердің 98,7% өлшенген; нәрестелердің 4,5% 2500 грамнан кем салмақ болды.
Туылған кездегі төмен дене салмағы қалалық жерге (3,8%) қарағанда ауылдық жерде (5,2%) кең таралған, сондай-ақ орта білімі бар (12,3%) және әл-ауқат индексі бойынша өте кедей квинтильдегі үй шаруашылықтарында тұратын аналардан салмағы төмен балалардың туылуы жоғары (12%).
Балалардың тамақтану жағдайы олардың денсаулығының жалпы жағдайын білдіреді.
Қазақстанда бес жасқа дейінгі 2,0% балалардың салмағы жеткіліксіз. Сонымен қатар бойының өсуі жағынан артта қалған балалар 8,0%, ал балалардың 3,1% жүдеу. Одан басқа, 9,3% балаларда артық салмақ бар.
Үй шаруашылықтарының әл-ауқаты және балалар салмағының арасындағы айқын өзара байланыс бар: өте кедей отбасындағы балалар бойының өсуі артта қалып жатыр, ал бай отбасындағы балаларда артық салмақ бар.
Ең аз тағамдық түрлілікті немесе ең аз дегенде азық-түліктің 4 тобынан тұратын азық-түлік қабылдаған жасы 6-23 айлық балалардың үлесі 68,7% құрады.
Өмірінің алғашқы күндерінде балаларды кеудемен емізетін аналар оларды инфекциялардан қорғайды және лайықты қоректік заттардың қайнар көзін береді; бұған қоса кеудемен тамақтандыру үнемді және қауіпсіз болып табылады. Нәрестелер мен ерте жастағы балаларды тиісінше тамақтандыру өмір сүру мүмкіндігін ұлғайтуы, сондай-ақ әсіресе туған кезден бастап 2 жасқа дейінгі шекті кезеңде олардың оңтайлы өсуі мен дамуына ықпал етуі мүмкін.
Соңғы жылдары Қазақстанда кеудемен тамақтандыруды ерте бастаудың және бала мен ана арасындағы физикалық және көңіл-күй байланысын қалыптастырудың айрықша маңыздылығын түсінетін аналар үлесі ұлғаюда.
Туылғаннан кейін алғашқы күндері он баланың тоғызын кеудемен тамақтандырды, ал жасы 0-5 айлық он баланың төртеуі тек кеудемен тамақтандырылды.
Кез келген кеудемен тамақтандырудың медиандық ұзақтығы 15,6 айды құрады; тек кеудемен тамақтандыру – 1,8 ай және 4,9 ай – кеудемен тамақтандыру басымырақ.
Ең аз тағам түрлілігін немесе ең аз дегенде азық-түліктің 4 тобынан тұратын азық-түлік қабылдаған жасы 6-23 айлық балалардың үлесі 68,7% құрады.
Ұсынылатын тағамдық түрлілігі ең аз тағамды қабылдау жиілілігін орындау кезінде, сондай-ақ қолайлы ең аз тамақтануды ұйымдастыру кезінде анасының білім деңгейі, сондай-ақ үй шаруашылығының әл-ауқат деңгейінің рөлі маңызды.
Зерттеу кезінде әрбір үй шаруашылығында (98,0%) ас дайындау үшін пайдаланылатын тұзды талдауға арналған аспаптың көмегімен құрамында йодтың болуына талдау жүргізілді.
90% астам үй шаруашылығы тиісті мөлшерде йодталған тұзды 15 РРМ-ден немесе астам (91,0%) тұтынатыны анықталды; үй шаруашылығының 3,7% құрамында йоды аз тұзды пайдаланады (15 РРМ-нен кем). Тек 0,6% үй шаруашылығында ғана тұз болмағаны көрсетілді.