Репрезентативті іріктеуді пайдалана отырып, Қазақстандағы MICS 2015 жылғы зерттеу ұлттық деңгейде балалар мен әйелдердің ахуалы туралы көрсеткіштердің ауқымды саны бойынша статистикалық сенімді бағаларды ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 2015 жылы Қазақстанда көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу (MICS) жүргізді. ЮНИСЕФ пен ЮНФПА қаржы және техникалық қолдауды көрсетті.
Әйелдер мен балалардың ахуалы туралы анық, өзекті және уақтылы ақпаратты алу үшін MICS зерттеу өте маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бірегей деректердің ұлттық статистикасын байытудағы жоғары мүдделілікті көрсете отырып, MICS жаһандық зерттеуіне үшінші рет қатысты.
Репрезентативті іріктеуді пайдалана отырып, Қазақстандағы MICS 2015 жылғы зерттеу елдің қалалық және ауылдық жер, сондай-ақ 16 әкімшілік өңірі бойынша (14 облыс пен 2 қала) ұлттық деңгейде балалар мен әйелдердің ахуалы туралы көрсеткіштердің ауқымды саны бойынша статистикалық сенімді бағаларды ұсынады. Зерттеудің өткен раундтарымен салыстыруда, атап айтқанда әлжуаз балалардың ахуалына қатысты түйінді көрсеткіштердің маңызды өзгерулерін қамтуға арналған зерттеу болып табылады.