Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге Қостанай облысы халық саны 828,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 518,3 мың адам (62,5%), ауыл тұрғындары – 310,5 мың адам (37,5%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 160 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңде – 208 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 2322 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 4,2% азайды), қайтыс болғандар саны 2162 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 2,4% азайды).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және 1359 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда – -607 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 103 адам (9 адам), ішкі көші-қонда – -1462 адам (-616 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 21521 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылдың 1 мамырда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 8519 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 1,9% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 313092 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 14% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 105,1% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 194325 теңгені құрады 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 15,2%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 104,6%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 910620,6 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,8% артық.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазу өңдірістің өсімі 7,8%, өңдеу өнеркәсібінде – 1,9%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауамен кондиционерленген жабдықтауда – 16,6%. Сумен жабдықтауда; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өнеркәсіптік өндіріс индексінің 0,6% азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 52511,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге салыстырғанда 100,5% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 8375 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірге салыстырғанда 90,8% құрады.

Жолаушы айналымы 552,6 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірге салыстырғанда 123,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 34221 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге салыстырғанда 104,2% құрады.        

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 0,8% өсіп, 147,2 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 14,3% (102,6 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 21,2% (43,7 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 123806,8 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірге салыстырғанда 86,2% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 14846 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,8%-ға азайды,  оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14450 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12898 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 12504 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11529 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,2%-ға азайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 4613160,6 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы тиісті кезенмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 102,4% құрды. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 49,7%, қызметтер көрсету – 43,3% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,9% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,5%, азық-түлік емес тауарлардың – 2,4%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 4,1% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,3% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 171084,8 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 227926 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 373,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 12,4% азайды, оның ішінде экспорт – 138,7 млн. АҚШ долларын (1% азайды), импорт – 235,2 млн. АҚШ долларын құрады (18% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Интервьюерлердің бос орындарын жариялау үшін хабарландыру
    16.05.2024

    Статистикалық бақылау бойынша ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша интервьюерлердің бос орындары  «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» Т-001 (айлық).

  • Интернет-ресурсінде бос интервьюерлердің бос орындарын жариялау үшін хабарландыру
    11.04.2024

    Халықтың өмір сүру деңгейінің статистикасы бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі статистикалық байқаудың бастапқы статистикалық деректерін жинау бойынша өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша интервьюерлердің...

Онлайн кеңесші