Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Құпиялылық Саясат
Құпиялылық Саясат

Құпиялылық саясаты және төменде сипатталған шарттар Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсынын (бұдан әрі - Сайт) пайдалану шарттарының бөлігі болып табылады.

Сіз туралы дербес ақпарат: Сіздің ТАӘ, электрондық пошта мекенжайы. Сайтқа қатысу Сізден тіркеуді және дербес ақпаратты беруді талап етпейді.

Сіз туралы барлық дербес ақпарат тек тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланылады. Сайтты пайдаланған кезде Сіз осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келісесіз.

Біздің Сайтқа дербес деректерді беру ерікті болып табылады. Оларды беріп, Сіз Сайтқа ақпаратты мәлімденген мақсатта пайдалануға рұқсат бересіз. Бірақ белгілі бір ақпаратты бермеу, Сіз алуға ниет білдірген ақпаратты алу үшін кедергі жасауы мүмкін.

Сайт Сіздің сұрауыңыз бойынша (күні, мекеменің атауы, нысан және сұратылған ақпараттың атауы және мақсаты) ақпаратты жариялауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген ақпарат жалпыға қолжетімді, сонымен бірге көпшілік мақұлдаған этикалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз веб-нысанды толтыру немесе электрондық хатты жіберу сияқты әдістерді пайдаланып, Сайтқа дербес деректерді беруді шешсеңіз, ақпарат Сізге Сіз сұраған ақпаратты немесе қызметті ұсыну үшін, немесе Сіздің хабарламаңызға жауап беру үшін пайдаланылатын болады.

Онлайн кеңесші