Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 527,8 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 258,5 мың адам (49%), ауылдықтар – 269,3 мың адам (51%).

Халықтың табиғи кемуі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда -222 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – -189 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 878 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,5% көбейді), қайтқандар саны 1100 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 5,2% көбейді).

Көші-қонның айырмасы теріс қалыптасып, -2048 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда – -405 адам), соның ішінде сыртқы көші-қонда теріс айырма– -1209 (+61) адам, ішкі көші қонда – -839 адам (-466).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 12,8 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 4,6% құрады.

2024 жылғы 1 сәуірге жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар саны 4871 адамды құрады, немесе жұмыс күшінің санына 1,7% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз) орташа айлық атаулы жалақы 279596 теңгені құрады, 2022 жылғы IV тоқсанға өсім 15,9% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 104,2% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 175911 теңгені құрады, бұл 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 12,5% жоғары, аталған кезеңдегі нақты ақшалай табыстың өсім қарқыны – 1,2%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 177125,1 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 12,1% көп.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 14,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 2,5% өсті, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 4,9%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 7,5% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылу көлемі 37087,2 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 103,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 2446,1 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызға 87,1% құрады.

Жолаушы айналымы 155,2 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызға 91,3%.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 13657,6 млн. теңгені, немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызға 104,8% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 20% өсіп, 28,5 мың шаршы метрді құрады, одан көппәтерлі тұрғын үйлерде – 18,5 есе (7,3 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 9,3% азайды (21,2 мың шаршы метр).

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 94589,5 млн. теңгені, немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызға 148,8% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға 11420 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,4% көбейді, соның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 11162 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 9688 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 9430 бірлік. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) саны 8606 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,9% көбейді.

Экономика

2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 111% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60% аса көлемін құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 1536,8 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 1,4% азайды. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі – 44%, қызмет көрсету – 47,7% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы наурызда, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 102,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы – 2,4%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,7%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 5,2% өсті.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы наурызда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 3,9% көтерілді.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 82037,4 млн. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6% көбейді.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 98592,1 млн. теңгені, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 102,6% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 84,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,9% көбейді, оның ішінде экспорт – 17,3 млн. АҚШ долларын (16,3% көбейді), импорт – 66,8 млн. АҚШ долларын құрады (2,3% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Семинарлар жоспары
    03.01.2024

    ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2024 жылға арналған респондеттермен өткізілетін семинарлар

    ЖОСПАРЫ

  • Құрметті респонденттер!
    ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы,...
Онлайн кеңесші