Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға Маңғыстау облыс халқының саны 789,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 360,1 мың адам (45,6%), ауылдықтар – 429,8 мың адам (54,4%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2763 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2843 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 3421 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 3% артты), қайтыс болғандар саны 658 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 37,4% өсті).

Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 234 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда -894 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 601 адам оң көші-қон айырмасы (960), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -367 (-66 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 18,1 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 5% құрады.

2024 жылдың 1 сәуірде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 17324 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,8% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 559531 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 9,9% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 99,5% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 283707 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 35,7% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыс - 122,9%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 696246,3 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,2% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 14,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 5,3% азайды, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 11,5% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 6252,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 94,2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 6956,5 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 100,2% құрады.

Жолаушы айналымы 1044,2 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 112% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 21372 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 56,1% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 36,1% азайып, 92 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 62,2% (32 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 2,1% (59 мың шаршы метр) көбейді.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 170029 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 89,7% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірге жағдай бойынша 16794 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,6% өсті, оның ішінде 16421 адамнан кем қызметкерлері барлар 100 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 13966 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 13593 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 14602 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7% өсті.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 97,1% құрады.

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 3523341,2 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 9,9% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 53,9%, қызметтер көрсету – 37,1% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың наурызын 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,5% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 1,8%, азық-түлік емес тауарлардың - 3,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы - 2,6% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың наурызында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 5,3% арзандады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 74345,6 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8% көп.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 97048,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,2% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 21,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 48,8% азайды, оның ішінде экспорт - 1,9 млн. АҚШ долларын (50,5% азайды), импорт - 20 млн. АҚШ долларын құрады (48,6% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    02.04.2024

    01-КС (жылдық) "Орындалған құрылыс жұмыстары туралы есеп (қызметтері)" статистикалық нысан бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2024 жылғы 10 сәуірге дейін қоса алғанда ұзартылды.

    Уақытша...

  • Құрметті респонденттер!
    02.04.2024

    2-қызмет көрсету (IT) (жылдық) статистикалық нысан бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2024 жылғы 8 сәуірге дейін қоса алғанда ұзартылды.

    Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!...

Онлайн кеңесші