Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға облыс халқының саны 1535,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 248,0 мың адам (16,2%), ауылдықтар – 1287,4 мың адам (83,8%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 4019 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3723 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда жаңадан туылған сәбилер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 6,4%, шетінегендер 2,8% тіркелімі өсті.

Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және 374 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда - 475 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда 480 адам оң көші-қон айырмасы (512), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -106 (-37 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы жұмыссыздар саны 34,8 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылдың 1 сәуірге жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 21714 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,9% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 319 473 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 17,7% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 108,4% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 136 253 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 14,4%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 5,3%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 410175,9 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,8% артты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 65,3% өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 1,3% төмендеді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 36,0%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 25,6% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 115 719,0 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 105,5% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің жүк айналымы 5302,1 млн. ткм. (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 98% құрады.

Жолаушы айналымы 254 млн. жкм. құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 127% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 30 238,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 32,5% - ға артты.

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3,6% өсіп, 249 942 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер 12,7%-ға артты (106 578 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2,5% (143 201 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 119 209,2 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 21,8% - ға артты.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәурдегі жағдай бойынша 20 045 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 100,4% көбейді, оның ішінде 160 адамнан кем қызметкерлері барлар 19 566 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 17 075 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 16 597 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 16 947 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 106,5% көбейді.

Экономика

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 3093209,70 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі - 49%, қызметтер көрсету – 51% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар - наурызбен салыстырғанда 107,4% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы – 6,1%, азық-түлік емес тауарлардың – 8,1%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы –9,1% өсті.

2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтар-наурызында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 6% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-наурыз бөлшек сауда көлемі 132259,0 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-наурыз көтерме сауда көлемі 197681,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,1% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 124,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 13,6% азайды, оның ішінде экспорт 47,4 млн. АҚШ долларын (6,6% көбейді), импорт 76,9 млн. АҚШ долларын құрады (22,6% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
Онлайн кеңесші