Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға Ақтөбе облысы халқының саны 940,9 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 705,4 мың адам (75%), ауыл тұрғындары – 235,5 мың адам (25%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2045 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2123 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 3038 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 0,7% азайды), қайтыс болғандар саны 993 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 5,9% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 565 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда -62 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 64 адам оң көші-қон айырмасы (154), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -629 (-216 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 21,4 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылғы 1 сәуірге жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 17110 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,7% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 361064 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 19,2% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 108,3% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 178929 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 21% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 9,9%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 626034,5 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 11,8% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,3% азайды, өңдеу өнеркәсібінде – 27,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 31,8%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 33,5% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 60665,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 100,1% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 10311,9 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 92,3% құрады.

Жолаушы айналымы 792,6 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 94,1% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 38190,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 126,6% құрады. 

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 0,8% өсіп, 195 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 26,9% ( 100,5 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 20,4% ( 90,5 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 130667 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 89,5% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 19652 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 19263 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 14928 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 14540 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 16791 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,1% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурыз 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 113,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 3157112,7 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 0,8% азайды. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 48%, қызметтер көрсету – 52% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы наурызды 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,4% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,3%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 6,8% өсіп.

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2024 жылғы наурызды 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,1% түсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 166100,7 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4% көп.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 287901,1 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,8% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 251,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 28,3% артық, оның ішінде экспорт – 88,2 млн. АҚШ долларын (14,3% көбейді), импорт – 162,9 млн. АҚШ долларын құрады (37,3%көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Сауда статистика басқармасы
    22.04.2024

    2024 жылғы сәуір айына "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" 2-сауда нысаны бойынша іріктемеге түскен кәсіпорындар тізімі

    Тапсыру мерзімі - есептік кезеңнен кейінгі 3-күнге (қоса...

  • Қызмет көрсету статистикасы басқармасы
    22.04.2024

     
    2024 жылдың 2 тоқсанына 1-ДК (автожүктер) (тоқсандық) «Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп»  нысаны бойынша каталогқа енген...

Онлайн кеңесші