Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға Абай облысының халқы саны 606,8 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 372,6 мың адам (61,4%), ауыл тұрғындары – 234,2 мың адам (38,6%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 615 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 690 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 1552 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 1,9% азайды), қайтыс болғандар саны 937 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 4,8% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - -1394 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда - -743 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -55 адам теріс көші-қон айырмасы (-9), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -1339 (-734 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 14,4 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылдың 1 сәуірде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 10,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,3% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 325298 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 15,9% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 105,7% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 168246 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 114% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 103,9%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 416751,4 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,5% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,3% өсті, өңдеу өнеркәсібінде 0,3% төмендеуі байқалды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда өндіріс көлемі 5,2%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 19,7% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 54835,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 102,3% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 3406,9 млн. ткм құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 89,9% құрады.

Жолаушы айналымы 240,7 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 81,9% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 21373,2 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 106,7% құрады. 

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 6,7% өсіп, 60,0 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 189,9% (45,5 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 42,1% (14,5 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 54587,2 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 74,1 % құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 8316 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 8040 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6722 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 6446 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 6243 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,9% артты.

Экономика

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1931427,8 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 7,2 % өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 50,3%, қызметтер көрсету – 41,4% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың наурызда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,6% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,7%, азық-түлік емес тауарлардың – 0,8%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 4,3% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың наурызында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 6,2% қымбаттады .

2024 жылғы қаңтар-наурыз бөлшек сауда көлемі 10935,9 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% көп.

2024 жылғы қаңтар-наурыз көтерме сауда көлемі 54600,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,9% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 78744,3 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 50,1% азайды, оның ішінде экспорт – 28726,4 мың АҚШ доллар ын ( 68,5% азайды), импорт 50017,9 мың АҚШ долларын құрады (24,2% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Сұхбат алушыларға бос орындар
    05.01.2024

    «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Абай облысы бойынша департаменті» РММ «Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық...

  • Сұхбат алушыларға бос орындар
    06.12.2023

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында...

Онлайн кеңесші