Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Коммуникациялар стратегиясы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының коммуникациялар стратегиясы

БҰҰ статистикасының негіз қалаушы қағидаттарының нормалары, Еуропалық статистиканың практикалық кодексі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистикасының қағидаттары негізінде дайындалған Коммуникациялар стратегиясы ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен тиімді байланыс орнату есебінен Бюро қызметі туралы сенім мен хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етуге арналған.

Бюро Қазақстан туралы жоғары сапалы ресми статистикалық ақпараттың жетекші жеткізушісі ретінде өз қызметіндегі тәсілдерді одан әрі жетілдіруге ұмтылады.«Ресми статистикалық ақпарат» термині-Еуропалық Статистика практикасы кодексінің қағидаттарына сәйкес келетін Бюро деректерінің бірегей ерекшелігі.

Бұл құжат пайдаланушыларды өзекті және уақтылы ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша Бюро қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды.

Онлайн кеңесші