Қарағанды қаласының әуежайында, теміржол вокзалында, автостанциясында келушілерді (резидент еместерді) Қазақстаннан кету кезінде статистикалық бақылауды жүргізу үшін интервьюерлерді қабылдаймыз.
Қызмет көрсету мерзімі: 2024 жылғы 21 шілдеден бастап 30 шілдеге дейін.
Білім деңгейі бойынша талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби немесе еңбек өтілі бойынша талаптар қоймай, жалпы орта білім.
Функционалдық міндеттері: респонденттерден жеке сұхбат алу арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, № 110 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7212) 41-45-42.
Өтініштер мен түйіндемелер [email protected] электрондық мекенжайға қабылданады.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 15 шілде.