«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстаннан шығу сәтінде әуежайларда, теміржол вокзалдарында келушілерді (резидент еместерді) зерттеу бойынша статистикалық байқау өткізу үшін интервьюерлерді (өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс істеуге тартылған жұмыскер) келесі елді мекендерде қабылдау туралы хабарлайды:
Елді мекендер |
Бос орын |
Қарағанды қ. |
3 |
Балқаш қ. |
1 |
Теміртау қ. |
1 |
Қызмет көрсету мерзімі: 2023 жылғы 21 қаңтардан бастап 30 қаңтарға дейін.
Білім деңгейі бойынша талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби немесе еңбек өтілі бойынша талаптар қоймай, жалпы орта білім.
Функционалдық міндеттері:
респонденттерге (резидент еместерге) сауалнама жүргізуді жүрзеге асыру және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру;
статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
деректерді жинау және бақылау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, №219 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7212) 41-45-00.
Өтініштер мен түйіндемелер statkrg@aspire.gov.kz электрондық мекенжайға және факс: 8 (7212) 41-45-70 қабылданады.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 16 қаңтар.