Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Экология және статистика
05.06.2023
Экология және статистика


   Бүгін Қазақстан экологтары қоршаған орта күнін атап өтуде. Ұлттық статистика бюросы қоршаған ортаға қатысты статистиканы жыл сайын қалыптастырады.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Егер 2017 мен 2021 жылдарды салыстырсақ, шығын көлемі 59,1% өсіп, 417 млрд. теңгені құраған. Шығындар құрылымында атмосфералық ауаны қорғауға және климаттың өзгеру проблемаларына жұмсалған қаражат 15,2%-ға, ақаба суларды тазартуға жұмсалатын шығындар 74%-ға, қалдықтармен жұмыс істеу бойынша 62,5%-ға және табиғат қорғау қызметінің басқа да бағыттарына екі еседен астам өскен. 2022 жылғы шығындар туралы мәліметтер 2023 жылдың шілдесінде жарияланады.




2018-2022 жылдар аралығында орман қорының ауданы 2,6%-ға өсті, осы кезеңде ормандылық 0,3 пайыздық тармаққа өсіп, 5% құрады. Айта кету керек, соңғы 5 жылда орман өртінің саны 2,2 есе артты. Мәселен, 2022 жылы өрт шарпыған жер көлемі 104 мың га құрады.



Орман өртінің себептері – табиғи (шаруашылықта қураған шөпті бақылаусыз өртеу) және антропогендік факторлар («құрғақ» найзағай). Сонымен қатар, орман ресурстарына үлкен қатер зиянкестер мен орман «ауруларының» мерзімді таралуынан келеді. 

2022 жылы су ресурстары бойынша халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі қалалық жерлерде 98,4%, ауылдық жерлерде – 94,5% құрады. Бес жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырсақ, халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі ауылдарда айтарлықтай өскен, өсім – 34,6 пайыздық тармақ.


Коммуналдық қалдықтардың көлемі де жыл өткен сайын артып келеді. 2022 жылы қалдықтардың жалпы көлемі 3 млн. тоннаны құрады, бұл ретте қалдықтардың 13,5% қайта өңдеуге жіберілді. Өткен жылы коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды ұйымдастырумен 729 кәсіпорын айналысқан.




Атмосфералық ауаның ластаушы негізгі көз өнеркәсіп саласы – ластаудың 86,3% (2021 ж.), бұл саланың ішінде ластаудың негізігі үлесі электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтауда – 45%, одан әрі өңдеу өнеркәсібінде – 35%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 17%. Айта кетейік, көлік түтінінен атмосфераны ластау үлесі 4,8% құрайды.



Тізімге оралу

Онлайн кеңесші