Ұлттық статистика бюросы жалпы ішкі өнім бойынша тоқсандық деректерді
(барлық үш әдіспен есептелетін – өндіріс, түпкілікті пайдалану, кіріс)
дискретті әдіспен есептей бастайды. Жаңа тәсілдің ерекшеліктері сала
мамандарына – Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк, Экономикалық
зерттеулер институты және басқа да мүдделі тарап сарапшыларына ұсынылды.
2024 жылғы қаңтарда 146,4 мың бірлік автокөлік есепке қойылды1), бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3% артық, оның ішінде автобустар 44,1%, жүк автомобильдері 11,4 және жеңіл автомобильдер саны 15,3% артты.
Өнеркәсіп өндірісінің
индексі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 104,6% құрады, осы кезеңде барлығы 7 502,7
млрд теңге сомасына өнім өндірілді, оның ішінде тау- кен өндірісінде – 3 566,7
млрд теңгеге (жалпы көлемнің 47,5%), өңдеу өнеркәсібінде – 3 237,9 млрд теңгеге
(43,2%).
Сауда саласындағы нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,2% құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда – 111,5%).
Ұлытау облысында профилактикалық бақылау барысында Бюро мамандары мал
басы бойынша ұсынылатын әкімшілік деректердің нақты көрсеткіштермен
сәйкессіздігін анықтады.
Бұл туралы үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңес барысында белгілі болды, онда инфляцияны есептеу бойынша жаңа әдіснамаға көшу жөніндегі жұмыстың нәтижелері қаралды.