ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
API

Порталдың осы бөлімінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі - Бюро) кәсіпорындарының статистикасы бойынша ашық деректер жарияланды.

Ақпаратты пайдалану шарттары:

Пайдаланушы Бюромен шарт жасамай деректерді еркін, тегін, мерзімсіз және пайдалану аумағын шектеусіз пайдалана алады, соның ішінде деректерді көшіруге, жариялауға, таратуға, сондай-ақ ЭЕМ және қосымшалар үшін бағдарламалар жасау мақсатпен деректерді пайдалануға құқылы.

Деректерді ашқан кезде Пайдаланушы:

- деректерді тек заңды мақсатта пайдалану;

- деректерді пайдалану кезінде ақпарат көзіне сілтеме сақтауға міндетті.

Әзірлеушілер мен тәжірибелі пайдаланушылар үшін:

Порталда машина оқитын форматта деректерді жылдам алу мақсатында API арқылы сұрауларды беру мүмкіндігі іске асырылды.

Клиент бөлігі мен stat.gov.kz сервері арасындағы деректермен алмасу HTTPS хаттамасы арқылы жүзеге асырылады.

Онлайн кеңесші