Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    272 ұйым
    2021 жылдың соңына Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі 272 ұйымдар есепке алынды, оның ішінде стационарлық үлгідегі ұйымдар – 171, жартылай стационарлық үлгідегі - 69, уақытша болу – 31, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің бірнеше шарттары бар – 1 ұйым бар.
    37 973 адам
    2021 жылдың соңына осы ұйымдарда тұратындар саны – 37 973 адамды құрады, соның ішінде, жасы бойынша зейнеткерлер – 12 096 адам (31,9%), Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектер – 18 адамды (0,05%), құрады.
    Динамика

    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдардың саны және құрылымы

    бірлік
    2020 жыл 2021 жыл
    Барлығы 256 272
    Қалалық жер 173 190
    Ауылдық жер 83 82
    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдардың жалпы саны
    бірлік
    2021ж.
    Глоссарий

    Жартылай стационарлық жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.

    Стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерге көрсетуге арналған заңды тұлға.

    Уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы уақытша (бір жылдан көп емес) болуы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Стационарлық үлгідегі ұйымдар - стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар).

    Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар - қызмет алушыларды ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжигитов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Г.Сагат
    Тел. +7 7172 749258
    E-mail: gl.sagat@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші