Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

ҚР Статистика тарихы

Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан

Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақ уақыттарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал XV ғасырдың соңында олар 1 млн. болды.

Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVІІІ-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9- ақпанындағы (28-қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.

Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні - 1868 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. XІX ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920 жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық қызметті біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ.

Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына (1920 ж. 26- тамыз) байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен "Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені" бекітті және Қазақ АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика органының құрылған күні 1920 жылдың 8-қарашасы болып қабылданды.

1925 жылы қаңтарда Орынбор қаласында (сол кездегі Қазақ АКСР-ның астанасы) бірінші, ал 1927 жылы сәуірде Қызылорда қаласында (Қазақ АКСР-ның екінші астанасы) екінші Республикалық статистика конференциялары болып өтті, олардың шешімдері мен ұсынымдары статоргандардың ұйымдастырылып нығаюына және методологиялық жабдықталуында үлкен роль атқарды.

1930-1948 жылдарда Республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР- ның (1936 жылдан бастап Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүргізді. 1948 жылдан бастап статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган Республика Министрлер Кеңесі жанындағы статистикалық басқарма басқарды, ал 1960 жылдан бастап Орталық Статистика басқармасы (ОСБ), 1987 жылдан бастап Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет (Мемстатком) басқарды.

Стат органдардағы барлық жедел және статистикалық есеп берулердің 1957-1958 жылдардан бастап орталықтандырылуына байланысты, олар кейінгі жылдардың барлығында да (КСРО-ның 1991 жылы ыдырауына дейін) шын мәнінде басшылық, жоспарлау және басқа да барлық деңгейдегі басқару органдарын, еліміздегі экономиканың және мәдениеттің жағдайы туралы және халық шаруашылығы жоспарының және көптеген шаруашылық жұмыстарының барысы мен орындалу қорытындылары туралы, жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен жабдықтайтын жалғыз-ақ жүйе болды.

Қазақстанның статоргандары, бұрынғы КСРО-ның барлық статистикалық жүйесі сияқты Бүкілодақтық барлық сегіз халық санағын ұйымдастырып, өткізіп, жиынтығын қорытындылады; үнемі статистикалық жылнамалықты және көптеген кезеңдік, салалық және тематикалық жинақтар мен анықтамалықтарды бастырып шығарды.

Қазақ КСР-ның Мемлекеттік статистикасы, 1990 жылы Қазақ КСР-ның статистикасы мен есеп жүргізуі бойынша бірінші заңның жобасын жасауға кірісті. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VІІ сессиясы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының бірінші Заңын қабылдады.

Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері

1897ж. Бірінші жалпы халық санағы
1920 ж. 8 қарашада Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) АКСР-ындағы Мемлекеттік статистика туралы Ережені» бекітті. Қазақ АКСР-ның Статистика басқармасы құрылды.
1948 ж. Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесі жанынан Статистика басқармасы құрылды.
1960 ж. Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы Статистика басқармасы, Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы Орталық Статистика Басқармасы (Қазақ КСР-ның ОСБ) болып қайта құрылды.
1987 ж. 19 тамызда Қазақ КСР-ның ОСБ-ы, Қазақ КСР-ның Статистика жөніндегі Мемлекеттік Комитеті (Қазақ КСР-ның Мемстаткомы) болып қайта құрылды.
1991 ж. 1 наурызда Қазақ КСР-ның Мемстаткомы, Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитеті болып қайта құрылды.
1991 ж. Экономиканың барлық секторында бағаның деңгейі мен серпінін (тарифін) реттеп бақылауды іске асыратын, бағаны тіркеудің арнаулы мемлекеттік қызметі құрылды.
1992 ж. қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VII- сессиясында “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
1992 ж. желтоқсанда Ұлттық шоттар жүйесін (ҰШЖ) ендіруге негізі болып қызмет атқарған 1992 - 1995 жылдардағы алғашқы және бухгалтерлік есеп, статистиканы қайта құру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама болып қабылданды.
1993 ж. Қазақстан Республикасының бірінші Төлем балансы жасалды.
1996 ж. қазанда 1996 - 1998 жылдары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы қабылданды.
1997 ж. 7 мамырда “Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды.
1998 ж. қарашада 1999 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы қабылданды.
1999 ж. 22 қаңтарда “Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы“ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұлттық статистикалық агенттік Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі болып қайта құрылды.
1999 ж. 25 ақпан - 4 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Бірінші Ұлттық халық санағы жүргізілді.
2009ж. Жалпы халық санағы
2010ж.19 наурызда “Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды.
14 тамыз 2014 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары»  туралы қаулысына сәйкес, ҚР Статистика агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті болып қайта құрылды
4 қараша 2015 ж. Қазақстан мемлекеттік статистикасына 95-жылдығына арналған халықаралық конференция
Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter