Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Пайдаланушылар үшін «Тауаша нарықтарына шолу» интерактивті дэшборды іске қосылды
11.04.2024
Пайдаланушылар үшін «Тауаша нарықтарына шолу» интерактивті дэшборды іске қосылды


ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін ресми сайтында жаңа «Эксперименталды статистика және зерттеулер» бөлімін құрды. Оның негізгі мақсаты пайдаланушылар үшін қазіргі уақытта тестілеу сатысында тұрған және ресми статистикаға енгізілмеген көрсеткіштер мен құралдарды ұсыну. Эксперименталды статистика инновациялық әдістер мен жаңа дерек көздерін пайдалана отырып, әртүрлі статистикалық тақырыптарға жаңа көзқарас туғызады. Жаңа бөлімнің негізгі мақсаты – пайдаланушылардың экономикалық дамудың уақтылы және өзекті көрсеткіштеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Осы бөлімдегі қолжетімді болған алғашқы жарияланым статистикалық деректердің аналитикалық әлеуетін ашатын «Тауаша нарықтарына шолу» интерактивті дэшборды. Бақылау тақтасы 8 бөлімнен тұрады: «Интерактивті құралды құрастыру әдістемесі», «Сыртқы саудаға шолу», «Экспорт», «Импорт», «Өнеркәсіп», «Ауыл шаруашылығы», «Ресурстар балансы» және «Әлеуетті тауаша нарықтары». Ол пайдаланушы үшін кең ауқымды ақпарат беретін 87 индикатордан және түрлі деректерді қамтыған бөлімдерден  тұрады.

«Интерактивті формат сыртқы саудамен айналысатын түрлі қатысушыларға пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мысалы, импорттаушылар әлеуеті бар экспорттаушылар мен отандық өндірушілердің деректерін талдай алады, өндіріс көлемі мен экспорттық мәмілелердің құнын бағалай алады. Ал экспорттаушылар өнімді жеткізудің жаңа арналарын тауып, импорттаушылардың қажеттіліктерін талдап, экспорт көлемін арттыра алады. Отандық өндірушілер жаңа тауашаларды зерттей келе, импортталатын тауарлар мен аймақтарды таңдай алады», – деді Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Айта кету керек, эксперименталды статистика дэшбордтары   жаңа әдістерді сынауға және пайдаланушылардан кері байланыс алуға арналған. Сондықтан оны статистикалық ақпараттың ресми көзі ретінде қарастыруға болмайды.  

Алдағы уақытта эксперименталды статистика бөлімінде «Бәсекелестік жағдайының аналитикалық картасы», «Еңбек нарығын қадағалау», «Фискалдық түсімдер деректері бойынша баға мониторингі», «Шағын аумақтарды бағалау» тақырыптары бойынша статистикалық көрсеткіштер қолжетімді болады.


Эксперименталды статистика бөліміне өту

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші