Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылармен кезекті онлайн сессиясын өткізді
28.02.2024
Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылармен кезекті онлайн сессиясын өткізді


Ұлттық статистика бюросы статистикалық ақпарат пайдаланушылармен, оның ішінде жергілікті орталық және атқарушы мемлекеттік органдардың өкілдерімен, зерттеушілермен, сарапшылармен және түрлі сала мамандарымен кезекті онлайн-сессия өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – ынтымақтастықты дамыту және пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін мүдделі тараптардың пікірлерін назарға алу.

Отырыс барысында Бюро басшысының орынбасары Әсел Шәуенова бюро қызметін реформалауға бағытталған негізгі бастамаларды сөзге тиек етті. Ол Бюроның халықаралық стандарттарға және үздік статистикалық тәжірибеге сүйене жұмыс атқарылатынын ерекше атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік статистикасында заманауи статистикалық жүйелердің барлық міндетті атрибуты бар: заңнама; нарықтық экономикасы бар елдерге тән статистика салалары; халықаралық стандарттарға сәйкес келетін статистикалық әдістеме. Қазақстанның статистикалық жүйесіне баға берген бірқатар халықаралық ұйым бюроның БҰҰ статистикасының негізгі қағидаттарына бейілін және ресми статистикалық ақпараттың жоғары сапасын мойындады», – деді А.Шәуенова.

Сессияның негізгі тақырыптарының бірі үй шаруашылықтарының іріктеме зерттеулері негізінде өмір сүру деңгейі туралы түсінік беретін «Халықтың өмір сүру сапасы» статистикалық байқауын талқылау болды.

Қатысушылар сонымен қатар Бюроның коммуникациялық стратегиясын және уақтылы ресми статистикалық ақпаратты ұсынуға, сенім арттыруға және пайдаланушылар ауқымын кеңейтуге байланысты қызметінің негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі қарастырды.

Сондай-ақ сессия қатысушыларына Бюроның жаңа сайтының мүмкіндіктері ұсынылды. Мұндағы жаңашылдықтар интерактивті ақпараттық дэшбордтар, сондай-ақ жазылу құралы – сайт пайдаланушысының жеке кабинеті, жеке ақпартқа жатпайтын микродеректерді алу мүмкіндігі және т.б.

Кездесу барысында пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын жолдап, нәтижесінде статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету және ақпарат жинаудың белгілі әдістемелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді. Айта кетейік, Бюро пайдаланушылармен осындай онлайн кездесулерді тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отыр. Ұлттық статистика бюросы барлық қатысушыға уақытын бөліп, кездесуге атсалысқаны үшін алғысын білдіреді.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші