Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан тоқсандық ЖІӨ есептеудің жаңа әдісіне көшеді
15.03.2024
Қазақстан тоқсандық ЖІӨ есептеудің жаңа әдісіне көшеді
Ұлттық статистика бюросы жалпы ішкі өнім бойынша тоқсандық деректерді (барлық үш әдіспен есептелетін – өндіріс, түпкілікті пайдалану, кіріс) дискретті әдіспен есептей бастайды. 

Жаңа тәсілдің ерекшеліктері сала мамандарына – Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк, Экономикалық зерттеулер институты және басқа да мүдделі тарап сарапшыларына ұсынылды. 

Дискретті әдіс пропорционалды Дентон әдісін қолдана отырып, жеке тоқсандар бойынша деректердің қалыптастырылуын қамтамасыз етеді. 

Дентон әдісі қолданыстағы қарапайымдылығы, сондай-ақ бенчмаркингтың түрлі міндеттерін шешудегі икемділігі мен сенімділігінің арқасында тоқсандық ұлттық шоттарда және ресми статистиканың басқа салаларында кеңінен тарала бастады. 

Бұл жыл бойына ЖІӨ динамикасындағы өзгерістерді уақтылы бақылауға мүмкіндік береді және сәйкесінше негізделген басқарушылық шешімдердің жедел қабылдануына ықпал етеді. 

Бюро Халықаралық валюта қорымен бірлесіп жүргізген жұмыс нәтижесінде 2010-2023 жылдары ЖІӨ және ЖӨӨ бойынша жаңа әдістемеге негіздей отырып алдын ала есептеулер дайындады. 

Дискретті әдіс барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және нарықтық экономикасы бар барлық дерлік елдерде қолданылады. 

Анықтама: Дентон әдісі (кейінірек бенчмаркинг деп таныла бастады) – бұл тоқсандық (немесе айлық) қатарларды түзетілген мәндердің жылдық қосындылары тәуелсіз жылдық жиынтық мәндерге тең болатындай және тоқсандық жиынтық қатарларда жылдар арасындағы жасанды алшақтықтар болмайтындай етіп түзету әдісі. Тоқсандық және жылдық деректер бенчмаркингы екі мақсатта қызмет етеді: - жылдық көрсеткіштермен байланысты тоқсандық уақыт қатарларын құру үшін жылдық деректерді тоқсандық бөлуге («ретроспективті қатарлар»); - жылдық тірек көрсеткіштері жоқ тоқсандардың бағалауын алу үшін тоқсандық экстраполяцияға («перспективалық қатарлар»).

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші