Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасындағы ішкі сауда туралы
13.03.2024
Қазақстан Республикасындағы ішкі сауда туралы

Сауда саласындағы нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,2% құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда – 111,5%).

Саланың жалпы көлеміндегі қомақты үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 68,8% құрайды, бөлшек сауданікі – 30,9%.

Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2 468,7 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,7% жоғары болды. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 1 951 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 9,9% жоғары.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 27,5% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарларда – 72,5%.

Сауда көлемінің ең көп өсуі мотор отыны, автомобиль, косметикалық тауарларды және жеке гигиена жабдықтары, фармацевтика тауарлары, киім, сағат пен зергерлік бұйымдар, атомобильдерге арналған тетіктер, былғары бұйымдарын іске асыратын кәсіпорындарда атап өтілді.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 569 млрд теңгені, сауда күндерінде 74 күнді құрады (2023 жылғы 1 наурызға 1 460,5 млрд теңгені, сауда күндерінде – 76 күн).

2024 жылғы қаңтар-ақпандағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31%) және Астана қалаларына (12,4%), Қарағанды (8,6%) және Шығыс Қазақстан (5,9%) облыстарына келеді.



Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 5 498,6 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 104% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (79%).

2024 жылғы 1 наурызға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі көтерме саудада 1 941,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 42 күнді құрады (2023 жылғы 1 наурызға 1 537,1 млрд теңгені, сауда күндерінде – 40 күн).

Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ 2024 жылғы қаңтар-ақпанда Алматы қаласына (39,2%), Атырау облысына (17,9%), Астана қаласына (16,9%) және Қарағанды облысына (4,9%) тиесілі.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші