Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2023 жылғы Қазақстан Республикасындағы мәдениет
18.04.2024
2023 жылғы Қазақстан Республикасындағы мәдениет

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 3 924 қоғамдық кітапхана, 3 069 мәдени-демалыс ұйымдары, 275 мұражай, 230 ойын-сауық және демалыс саябағы, 113 кинотеатр, 74 театр, 43 концерт ұйымы, 11 хайуанаттар бағы және 3 цирк жұмыс істеген.

2022 жылмен салыстырғанда келушілердің ең көп өсуі концерт ұйымдарында – 23,3%, киносеанстарға бару 23,2%, циркке бару – 11,9%, театрға бару 10,2%, хайуанаттар бағына бару 3,9% өскен.

Мәдениет ошақтарында өткен шараларға келсек, 2023 жылы концерт ұйымдары өткізген іс-шаралар саны 8,8%, мұражайлардағы экскурсиялар саны 7,4% және театрлар өткізген іс-шаралар саны 7,4%, демалыс және ойын-сауық саябақтары өткізген іс-шаралар саны 5,1%, мәдени-демалыс ұйымдары өткізген іс-шаралар саны 4,8% ұлғайған.

Мәдени-бұқаралық іс – шаралар саны бойынша театрлар 16,5 мың, ойын-сауық және демалыс саябақтары 7,1 мың және концерт ұйымдары 6,4 мың шара өткізген, осылайша 2023 жылы мәдени-бұқаралық іс-шаралар саны 2019 жылдан кейін алғаш рет пандемияға дейінгі деңгейге оралды.


Киносеанстарға барушылар саны Республикалық маңызы бар қалаларда ең көп: Алматы – 7 111,6 мың бару, Астана – 4346,7 мың бару, Шымкент – 1721,4 мың бару. Мұражайларға барушылар саны Түркістан облысы (1285,8 мың адам) мен Астана қаласында (890,4 мың адам) ең көп болған.



Тізімге оралу

Онлайн кеңесші