Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Еңбек рыногы: Еңбекақы/кіріс

Соңғы жаңарту: 01/10/2018

Деректерді Таратудың Арнайы Стандарты

Байланыс тұлғасы

Алмагүл Саметова,
Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика Комитетінің
Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы

010000 Қазақстан, Астана қ
Мәңгіліе ел 8, Министерліктер үйі, 4 кіреберіс
Телефон: 7 (7172) 749504
Email: a.sametova@economy.gov.kz

Тарату пішімі

Электрондық түрінде

Баспасөз хабарламасы «Жалақы» тоқсан сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Жедел ақпарат «Жалдамалы қызметкерлердің жалақысы» тоқсан сайын мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде.

Тоқсан сайын статистикалық бюллетень «Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің саны және жалақысы» мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Жыл сайын статистикалық бюллетень «Қазақстан Республикасындағы еңбек бойынша негізгі көрсеткіштер» мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Статистикалық жинақ «Казақстан Республикасындағы еңбекақы» мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Барлық жариялымдар Комитеттін сайтында орналасқан:

http://www.stat.gov.kz

Қазақстанның жиынтық ұлттық деректер беті (ЖҰДБ)

Деректер: қамту, кезеңділігі және уақытылылық
Қамту сипатаммасы Орташа атаулы айлық жалақы туралы деректер ұлттық валютада (теңге) жарияланады, ал оның өрлеу бойынша өзгерістері номиналды және нақты мәнерде көрсетіледі. Жалақыға қаржыландыру көзіне байланыссыз Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да ұстап қалулар (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы) ескерілген, еңбекке ақы төлеу үшін есептелген жиынтық ақшалай және заттай түрдегі қаражаттар (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстеме ақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдік сипаттағы төлемдер) жатады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақының есептелген қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын шағын кәсіпорындар, ірі және орта кәсіпорындар бойынша орташа атаулы айлық жалақы туралы ақпарат дереккөзі айлық және жылдық еңбек бойынша статистикалық нысаныан табылады. Деректер өңірлік (облыстар) бөлісінде, сонымен қатар негізгі экономикалық қызмет түрлері бойынша Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес беріледі. Деректер мезгілдік ауытқуға байланысты өзгертілмейді.
Кезеңділік Тоқсан сайын, жыл сайын
Уақытылылық Есепті кезеңнің соңынан 28 күні
Пайдаланушыларға қолжетімділік
Деректердің шығарылу күнтізбесін алдын-ала тарату Нақты шығару күні көрсетілген ДТАС талаптарына сай келетін деректерді шығару кестесі, (www.stat.gov.kz) Статистика комитеті сайтында орналастырылады.
Ақпараттың барлық мүдделі топтарға бір уақытта ұсынылуы Деректер Комитеттің сайтында басылымдар шығару және статистикалық деректерді орналастыру арқылы барлық мүдделі топтарға бір уақытта ұсынылады.
Деректілігі
Жеке жауаптардың құпиялығын қоса алғандағы ресми статистиканың құрылу шарттары туралы ақпараттың таратылуы Статистикалық қызмет Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңы (2010 жылдың 19 наурызында №257- IVЗРК бекітілген) негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) статистикалық қызмет саласында мемлекеттік реттеу жүргізеді. «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңы Қазақстандағы ресми статистиканың жиналуын, құрастырылуын және таратылуын реттейді және Комитетке статистика саласындағы мемлекеттік саясатқа жауапты мекеме ретіндегі уәкілдік құқығын береді. «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 8-бабында құпиялық кепілдігін қамтамасыз ету және көрсетілген деректерді қорғау, жеке деректердің жария болуын болдырмау рәсімдері қамтылған. Респонденттер аталмыш заң ережелерімен таныстырылған. Ресми статистикалық зерттеулер барысында жиналатын деректер тек қана статистикалық мақсатта қолданыла алатындығы оларға мәлім. «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 2-бөлімі мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік реттеу жүргізуді көздейді. Осы бөлімнің 12 бабына сәйкес Комитет мемлекеттік және жеке мекемелерден, әрі жеке тұлғалардан қажетті ақпаратқа сұрау жіберуге құқылы. Сұрау жіберілетін барлық респонденттердің ақпарат беруде оның дәлдігін, пішімін және статистикалық жұмыстар Жоспарында бекітілген мерзімін қадағалауы тиіс. Заңда бекітілген ережелердің сақталмау жағдайларын қарастыру реті қамтылмаған. Дегенмен, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі есеп беру кезіндегі талаптардың орындалмауын, соның ішінде күмәнді ақпарат беруді, жазалау шаралары қарастырылған.
«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңы және «Ресми статистиканың негізгі қағидалары» Комитеттің сайтында көрсетілген.
Үкіметтің деректерге олардың жария болуынан бұрын ішкі қолжетімділігі Комитеттен тыс еш мемлекеттік мекеме деректерге әлеуметке жария болуынан бұрын қол жету құқығы жоқ.
Статистикалық деректердің шығуына байланысты ведомстволық түсіндемелер Деректердің шығуына еш ведомстволық түсіндемелер берілмейді. Шығатын деректер Комитетпен дайындайтын қысқа түсіндемелермен бірге беріледі.
Деректерді нақтылау туралы ақпараттың берілуі және әдістемедегі маңызды өзгертулер туралы алдын ала хабарлау Жарияланған деректер соңғысы болып есептеледі. Еңбекақы және оның өзгеруі туралы ақпарат тоқсан сайын жарияланады. Көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі олардың шығыумен бір уақытта жарияланады.Барлық жариялау негізгі терминдердің және көрсеткіштердің әдістемелік суреттемесі мен деректерді қайта қарастыру туралы түсініктемесін қамтиды.
Сапасы
Статистиканы дайындауда қолданылатын әдістеме және дерекнама туралы құжатнаманың таратылуы Еңбекақы төлеу көрсеткіштерін анықтау (есептеу) әдістемесі ХЕҰ ұсыныстарына негізделеді. Жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаудың «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысанын толтыру жөніндегі Нұсқамада көрсеткіштердің әдістемелік анықтамалары және түсініктемелері берілген. Арнайы жарияланатын әдістемелік басылымдарда дерекнамалар, анықтамалар, көрсеткіштерді есептеу әдістемелер туралы ақпарат қамтылған. Қысқа әдістемелік түсіндірулер барлық басылымдарға кірістірілген.
Екіжақты статистикалық тексеріс өткізуге мүмкіндік беретін және негізділік кепілдігін беретін тарату Комитет жариялайтын еңбекақы туралы ақпарат екіжақты статистикалық салғастыру мүмкіндігін, әрі негізділік кепілдігін береді. Тарату пішімі қолданушылар талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту: Асты сызылған айқындамалар – қосымша ақпаратқа шығуға мүмкіндік беретін гиперсілтемелер.
Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter