Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Тұтыну бағасының индексі

Деректерді Таратудың Арнайы Стандарты

Соңғы жаңарту: 10/10/2018

Байланыс жасайтын тұлға

Торғын Маратқызы Демешева ханым,
Баға статистикасы басқармасының басшысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
010000, Қазақстан Республикасы, Астана
Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
Телефон: 7 7172 749057
Факс: 7 7172 749265
Электрондық почта: t.demesheva@economy.gov.kz

Тарату форматы

Электрондық

«Қазақстан Республикасындағы инфляция» баспасөз хабарламасы қазақ және орыс тілдерінде (мекенжай: 010000 Қазақстан, Астана, Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс; телефон: 7 7172 749002; факс: 7 7172 749494, электрондық почта a.sandikbaeva@economy.gov.kz).

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» журналы, «Қазақстан Республикасындағы тұтыну нарығындағы баға», «Қазақстанның статистикалық жылнамалығы», «Қазақстан өңірлері» жинақтары қазақ және орыс тілдерінде (мекенжай: 010000 Қазақстан, Астана, Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс; телефон: 7 7172 749295; факс: 7 7172 749494, электрондық почта: kazstat.rk@gmail.com).

«Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы», «Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі инфляция туралы» ай сайынғы жедел-ақпараты, «Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексі» бюллетені қазақ және орыс тілдерінде (мекенжай: 010000 Қазақстан, Астана, Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс; телефон: 7 7172 749531; факс: 7 7172 749494,электрондық почта: kazstat.rk@gmail.com).

Барлық жарияланымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (будан әрі - СК) www.stat.gov.kz сайтында орналастырылған.

Деректер: қамту, кезеңділігі және уақтылылығы
Қамту сипаттамасы

Тұтыну бағасының индексі (ТБИ) туралы таратылатын деректер Ласпейрес формуласының көмегімен тіркеу индексіне байланысқан және барлық экономиканы қамтиды.
Индексті есептеу үшін салмақтар резидент үй шаруашылықтарының өткен жылғы кірістері мен шығыстарын іріктемелі статистикалық зерттеуінің (ҮШКШЗ) деректеріне негізделген. Зерттеу бас жиынтықтан 0,3 пайызын көрсететін 12000 үй шаруашылығын қамтиды. Үй шаруашылықтарының соңғы тұтынуын жіктеу үшін ұлттық шығыстар жіктеліміне қатысты Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктеуіші (МЖТЖ) қолданылады.
Заңсыз нарықтық операциялар қосылмайды. Бағалау өнімді жеке тұтыну және нарықтық тауарларды тұтыну үшін өндіруді ескере отырып жүргізіледі.
ТБИ-ге 510 тауар (көрсетілетін қызмет) – өкілі, 166 азық-түлік тауарлары, 253 – азық-түлік емес және 91 –ақылы көрсетілетін қызметтер кіреді. Әр репрезентативті тауар немесе қызмет әр елді мекенде ең аз дегенде 6-10 түрді қамтиды.
Бағаны байқауға тауарлардың (көрсетілетін қызметтің) айтарлықтай көлемі сатылатын барлық меншік түрінің, әртүрлі сауда жағдайымен сауда және ақылы қызмет көрсету объектілері таңдалады, олардың аумақтық көрнекілігі ескеріледі.
Аумақтық негізде ТБИ 14 облыс орталығын, 69 аудандық маңызы бар қалаларды және аудан орталықтарын, Алматы, Шымкент қалаларын және республика астанасын қамтиды.
Индекстер жиынтық ТБИ, төмен және жоғары деңгейдегі табысты үй шаруашылықтары бойынша құрастырылады. ТБИ үшін шекті табыс топтары бойынша салмақтар, үй шаруашылықтарының табыс деңгейі бойынша децильдік бөлу арқылы анықталған тиісті үй шаруашылықтары топтарының шығыстары деңгейлерінің құрылымына негізделген.

Кезеңділігі Ай сайын.
Уақтылылығы Есепті айдан кейінгі екі-үш күннен кейін
Қоғам үшін қол жеткізу
Деректер шығарылымы күнтізбесін алдын-ала тарату

ДТАС талаптарын қанағаттандыратын деректер шығарылымының күнтізбесі деректерді шығарудың нақты мерзіміне кем дегенде бір тоқсан қалғанда жарияланады. Деректер шығарылымының күнтізбесі СК сайтында орналастырылған (http://www.stat.gov.kz).

Деректерді барлық мүдделі тараптарға бір уақытта ұсыну

Барлық мүдделі тараптарға деректер «Қазақстан Республикасындағы инфляция» баспасөз хабарламасын СК сайтында орналастыру арқылы бір уақытта ұсынылады (http://www.stat.gov.kz).

Анықтығы
Жеке ақпараттың құпиялылығын қоса алғанда, ресми статистика қалыптастырылатын шарттар негізінде деректерді тарату

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV Заңға сәйкес СК кәсіби тәуелсіздікке ие, ресми статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу және тарату бойынша статистикалық қызмет атқарады және мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты дайындауға және жүзеге асыруға өкілетті.
«Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 8-бабы алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы мен қорғалуына және мемлекеттік статистика органдарының оларды тек статистикалық ақпаратты түзу мақсатында қолданылуына кепілдік етеді.
27-бап Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастырады. Мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері алғашқы статистикалық деректерді жоғалтқаны, сатқаны, жөнелткені және басқа заңсыз жария еткені үшін жауапты болады.
17-бапқа сәйкес респонденттер алғашқы статистикалық деректерді респондеттермен ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқаулар жүргізуде дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.
26-бапқа сәйкес ресми статистикалық ақпарат статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесімен сәйкес таратылуға жатады.
«Мемлекеттік статистика туралы» Заң және ресми статистиканың іргелі қағидаттары Интернеттегі СК парақшасында орналастырылған (http://www.stat.gov.kz).

Деректер жарияланғанға дейін оларға Үкіметтің ішкі қол жеткізуінің болуы

Деректер шығырылымына дейін мемлекеттік басқару органдарының ішкі қол жеткізуі көзделмеген.

Статистикалық деректер шығырылымына орай ведомстволық пікірлердің болуы

Деректер шығарылымына орай министрліктердің ескертулері қарастырылмаған. ТБИ туралы деректер жарияланымы СК дайындаған пікірленрмен бірге жүреді.

Деректерді нақтылау және әдіснамадағы маңызды өзгерістер туралы ақпаратты алдын-ала хабарлау

Деректер бірінші рет шығарылу сәтінде түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Әдіснамадағы маңызды үлкен өзгерістер туралы қоғам осы өзгерістерді енгізген уақытта хабарланады. Әдіснамадағы өзгерістері сипаттамасына деректер жарияланатын барлық статистикалық басылымдарға енгізіледі.

Сапа
Статистиканы дайындауда қолданылатын әдіснама және деректер туралы құжаттаманы тарату.

ТБИ құрастыруда негіз болған қысқаша әдіснамалық сипаттама «Қазақстанның статистикалық жылнамасында», «Қазақстан өңірлері» және «Қазақстан Республикасының тұтыну нарығындағы баға» статистикалық жинағында, «Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексі» ай сайынғы бюллетенінде, «Қазақстан Республикасындағы инфляция» баспасөз хабарламасында, «Тұтыну бағасының индексі: сұрақтар және жауаптар» буклетінде жарияланады.
ТБИ құрастыру әдіснамасының толық сипаттамасы «Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасы» http://www.stat.gov.kz. сайтында жарияланады.

Екі жақты статистикалық тексерістер жүргізуге мүмкіндіктер және негізділікке кепіл беретін тарату

«Қазақстан Республикасындағы инфляция» ай сайынғы баспасөз хабарламасында республика бойынша ТБИ негізгі бөлімдерінің бес кезеңі бойынша: өткен айға, өткен жылғы желтоқсанға, 2015 жылғы желтоқсанға, тиісті айға және кезеңге қысқаша қорытындылар жарияланады.
«Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы» ай сайынғы жедел-ақпаратта бір айда өткен аймен салыстырғанда, өткен жылғы желтоқсанмен, өткен жылғы тиісті аймен және кезеңмен, 2015ж. желтоқсанмен салыстырғанда негізгі бөлімдері, топтары, кластары және тауарлық позициялардың жекелеген түрлері бойынша бағаның өзгеруі туралы қысқаша деректер жарияланады.
«Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі инфляция туралы» ай сайынғы жедел-ақпаратта өңірлер бөлінісіндегі бір айда өткен аймен салыстырғанда, өткен жылғы желтоқсанмен, өткен жылғы тиісті аймен және кезеңмен, 2015ж. желтоқсанмен салыстырғанда негізгі бөлімдері, топтары, кластары және тауарлық позициялардың жекелеген түрлері бойынша бағаның өзгеруі туралы қысқаша деректер жарияланады.
«Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексі» ай сайынғы бюллетенінде республика бойынша және өңірлер бөлінісіндегі деректердің барлық құрастыру кезеңдері бойынша бір айға, тоқсанға негізгі бөлімдер, топтар мен кластар және жекеленген тауар ұстанымдары бойынша бағаның өзгеруі туралы деректердің кең ауқымы жарияланады.
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» журналында «Бағалар» бөлімінде республика бойынша және өңірлер бөлінісіндегі, сондай-ақ тауарлардың және ақылы қызметтердің негізгі топтары бойынша бағалардың өзгеруі туралы деректер келтіріледі.
«Қазақстан Республикасының тұтыну нарығындағы баға» жыл сайынғы жинағында көрсеткіштердің кең тізімі бойынша: жалпы республика және өңірлер бойынша бөлімдер, топтар, класстар және тауарлық позициялар бойынша баға деңгейі және серпіндігі (айлық, тоқсандық) олардың өзгеруі туралы жылдық деректер жарияланады.
«Қазақстанның статистикалық жылнамасында» соңғы бес жыл бойынша ТБИ-дың негізгі құрастырушылары бойынша бағалардың өзгеруі туралы жыл сайынғы деректері бар «Бағалар» бөлімі енгізілген.
«Қазақстанның өңірлері» жинағы соңғы үш жылдағы тауарлар мен қызметтердің негізгі топтары бойынша республика және өңірлер бойынша бағалардың өзгеруі туралы деректерінен тұрады.

Ескертпе: Асты сызылған позициялар қосымша ақпаратқа шығаратын гипербайланыс бар екенін білдіреді.
Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter