Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Төлем балансы

Жаңарту күні: 2018 Қазан

Қазақстан: Деректер таратудың арнайы стандарты
Метадеректер

Деректер санаты: Төлем балансы

Байланыстағы тұлға

Азаматша Наталья Чабина
Лауазымы: Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
Төлем балансы басқармасының бастығы

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
050040, Алматы, Көктем-3, 21
Телефоны: +7 (727) 2704 938
Факсы: +7 (727) 2704 642
Электрондық поштасы: dis@nationalbank.kz

Деректер: Қамтылуы, кезеңділігі және уақтылы болуы
Қамту сипаттамасы

Төлем балансы жөніндегі деректер миллион АҚШ долларымен келтіріліп, Казақстанның резиденттерімен бейрезиденттерінің арасындағы барлық операцияларды қамтиды және мынадай деректерден тұрады:

Ағымдағы шот: тауарлар мен қызмет көрсетулердің (көлік, жол жүру және т.б.) экспорты (кредит) және импорты (дебет); алғашқы кірістер; қайталама кірістер;
Капиталмен операциялар шоты: өндірілмеген қаржылық емес активтерді жалпы  сатып алу/кетуі; күрделі трансферттер;
Қаржылық шот: тікелей инвестициялар; портфельдік инвестициялар; туынды қаржы құралдары (резервтерден басқа) және қызметкерлер үшін акциядағы опциондар; басқа инвестициялар; резервтік активтер;
Таза қателер және қалып қойғандар

Деректердің негізгі көздері: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен өзара сауда бойынша статистикалық есептілік деректері және үшінші елдермен сауда бойынша кедендік статистика деректері; банктердің,басқа қаржылық және қаржылық емес ұйымдардың есептері; ҚР Ұлттық Банкінің айлық баланстық есебі; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, ҚР Қаржы министрлігі, сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволар беретін деректер; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің деректері.

2000 жылдан бастап жарияланатын деректер ХВҚ-ның Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулықтың 6-басылымы (ТБН-6) негізінде жасалады.

Кезеңділігі Тоқсан сайын
Уақтылы болуы Есептік кезеңнен кейінгі бір тоқсан ішінде
Жұртшылық үшін қол жетімділік
Деректер шығару күнтізбесі (ДШК) Алдыңғы он екі айға жариялаудың нақты күндері жөнінде хабарлайтын деректерді шығару күнтізбесі ҚРҰБ интернет-ресурсында (http://nationalbank.kz/?docid=44&switch=kazakh) жарияланады.
Барлық мүдделі тараптарға бір мезгілде деректерді шығару Деректер бір мезгілде барлық мүдделі тараптарға ҚҰБ интернет-ресурсында орналыстырылады(http://nationalbank.kz/?docid=223&switch=kazakh)
Динамикадағы деректер бар толық кестелер ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы деген ҚҰБ-нің тоқсандық жарияланымында жарияланады.
Шынайылығы
Жеке тиесілілігін анықтауға болатын ресми статистиканы, оның ішінде ақпараттың құпиялылығына қатысты статистиканы әзірлеуге негіз болатын талаптар мен ережелер туралы ақпаратты тарату Төлем балансы жөніндегі деректерді жинау және тарату төмендегі заңдармен реттеледі:
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңымен. Заңның 8-бабына сәйкес ҚР ҰБ міндетіне төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша статистикалық ақпаратты жинау және тарату кіреді. (http://zan.gov.kz/api/documents/104328/kaz/download/pdf)
ҚР Үкіметінің “Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы” 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысымен. Осы қаулыға сәйкес ҚҰБ төлем балансын қалыптастыру және жариялау үшін жауапты болуымен қатар елдің төлем балансының ресми әзірлеушісі болып табылады және ҚҰБ-не барлық респонденттерден төлем балансы жөніндегі статистикалық ақпаратты жинау құқығы беріледі.
“Мемлекеттік статистика туралы” ҚР Заңының 8-ші бабына сәйкес “Алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.” (http://zan.gov.kz/api/documents/51541/kaz/download/pdf)
Коммерциялық құпия бар деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекспен (2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енгізілген) реттеледі. Кодекстің 501-бабына сәйкес: «Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасы Заңының 8- бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағыныстағы ұйымы лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгілері болмаса, - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады”
(http://zan.gov.kz/api/documents/81245/kaz/download/pdf)
Сонымен қатар банктердің статистикалық есептеріне банктік құпия деп анықталған ақпаратты ашуға қатысты бөлігі бойынша “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Заңның күші (50 және 54-баптар) қолданылады. Ұлттық Банктің қызметкерлері міндеттерін орындау барысында алынған мәліметтерді жариялағаны не үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілікке тартылатын болады (http://zan.gov.kz/api/documents/104325/kaz/download/pdf)
Мемлекеттік басқару органдарының деректерді шығармас бұрын оларға қол жеткізуінің ішкі тәртібін көрсету ҚҰБ-нен тыс пайдаланушылардың деректерге олар ресми жарияланғанға дейін қол жеткізе алмайды.
Статистикалық деректерді шығару кезінде министрліктер жасаған түсініктемелердің болуын көрсету Деректер министрліктер тарапынан қандай да болмасын түсініктемелерсіз жарияланады.
Енгізілген нақтылаулар туралы ақпарат беру және әдіснамаға айтарлықтай өзгерістер енгізу туралы алдын ала хабарлау Есептік тоқсан бойынша бірінші рет жарияланатын деректер алдын ала бағалау деректері болып табылады. Сонымен қатар, кестелерде түпкілікті бағалаудың жариялыным уақыты туралы ескертпелер беріледі.
Тоқсан сайын бұрын жарияланған деректерге есептілік деректерді анықтаумен немесе жаңа методологиямен, жаңа ақпарат көздерінің пайда болуымен байланысты есептік тоқсан алдындағы есептік жылдың тоқсандары бойынша өзгерістер енгізіледі.
Деректер бір жылда екі рет қайта қаралады: қыркүйек және наурыз айларында. Деректерді қайта қарау есепті жылдың алдындағы екі жылды қамтиды. Деректерді өзгертуге және қайта қарауға қатысты түсіндірмелер жаңартылған деректермен бірге ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы деген ҚҰБ-нің тоқсандық жарияланымында жарияланады.
Әдіснамадағы негізгі өзгерістер туралы пайдаланушылар осындай өзгерістер енгізілген сәттен бастап хабардар болады.
Сапасы
Методология және статистиканы дайындау кезінде пайдаланылатын дереккөздері туралы құжаттаманы тарату Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау http://www.imf.org/external/pubs/ft/bop/2007/bopman6.htm адресі бойынша ХВҚ-ның ресми интернет-ресурсында жарияланған ХВҚ-ның Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулықтың 6-басылымымен (ТБН-6) келісіледі.
Тікелей шетелдік инвестицияларды өлшеу методологиясы бойынша толық ақпарат http://www.oecd.org/daf/inv/investmentstatisticsandanalysis/40193734.pdf интернет адресінде берілген.
Методологиялық түсіндірмелер ҚҰБ интернет-ресурсында орналастырылған және ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы деген ҚҰБ-нің тоқсандық жарияланымында жарияланады.
Компоненттер туралы жан-жақты ақпаратты, деректерге байланысты келісу туралы ақпарат және статистиканы қарама-қарсы тексеруге мүмкіндік беретін және оның негізділігіне кепілдік беретін  статистикалық негіздер туралы ақпаратты тарату ҚРҰБ интернет-ресурсында АҚШ долларындағы деректер сериялары жарияланады. 2000 жылдан бастап тоқсандық және жылдық деректер ТБН6 айқындалған әрбір стандарттық компонент бойынша жарияланады. 2000 жылдан тоқсандық деректер  аналитикалық ұсынымда берілген.
Неғұрлым нақты стандарттық ұсыным ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы деген ҚҰБ-нің тоқсандық жарияланымында жарияланады (мамыр, тамыз, қараша және ақпан нөмірлерінде шығады). Жарияланымында сондай-ақ деректер көздері, жинау рәсімдері және деректерді бағалау әдістемесі жөніндегі түсіндірмелер бар.
Айлық ҚҰБ-нің Статистикалық бюллетені төлем балансының тоқсандық деректерін, жалпы сыртқы борыш және сыртқы борыш көрсеткіштері бойынша деректерді аналитикалық ұсынымда жариялайды. ҚҰБ-нің Жылдық Есебі төлем балансы және сыртқы борыш бойынша деректерді камтиды.
Метадеректердегі халықаралық деңгейде танылған әдіснамалардан ауытқуларды тарату

Резиденттілікті Қазақстанның заңнамасына сәйкес айқындау ТБН6 мазмұндалған және 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінің халықаралық стандартындағы резиденттілік тұжырымдамадан өзгеше. ҚР «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда жұмыс істейтін шетел компанияларының филиалдары резидент емес болып есептеледі. Резиденттілік түсінігіндегі орын алатын ауытқулар шетел компанияларының филиалдары өткізетін операциялардың жіктелуін, олардың төлем балансы мақсатында мәртебесін резидент ретінде қарастыру қиындатады. Қазіргі таңда сыртқы сектор шоттарын жасаушылар (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция, сыртқы борыш) құрылыс және бұрғылау қызметтерін көрсететін филиалдарды қоспағанда, шетел компанияларының барлық филиалдарын ҚР резиденттері деп қабылдайды. Сыртқы сектор шоттарында ағындар мен қорлар бойынша мәліметтердің сәйкестігіне қол жеткізу үшін банктер заңнамалық анықтамамен сәйкес әзірленген есептен басқа ҚРҰБ-не шетел компанияларының филиалдары бойынша қосымша есеп ұсынады.

Тарату форматтары:

Тоқсандық баспасөз басылымы:
Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы

Айлық баспасөз басылымы:
Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ-нің Статистикалық бюллетені

Басқалар:
Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ-нің Жылдық Есебі

Электрондық:
ҚҰБ-нің интернет-ресурсы: http://www.nationalbank.kz
Деректердің ұлттық беті: http://stat.gov.kz/

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter