Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Орталық банктің аналитикалық шоттары

Жаңарту күні: 2018 Қазан

Қазақстан: Деректер таратудың арнайы стандарты
Метадеректер

Деректерінің санаты: Орталық банктің аналитикалық шоттары

Байланысатын тұлға

Азаматша Неля Давлетгильдеева
Лауазымы: Зерттеулер және статистика департаменті
Ақша-кредит статистикасы басқармасының бастығының орынбасары

Мекен-жайы: Қазақстан, Алматы, Көктем-3, 21
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Телефоны: + 7 (727) 2704 927
Электрондық поштасы: NELYA_STAT@nationalbank.kz

Қамтуы, дүркінділігі және уақытылылығы

Қамтудың ерекшеліктері

Деректер ҚРҰБ-нің баланс шоттарына негізделген ҚРҰБ-нің аналитикалық шоттары бойынша млн.теңгеде беріледі. ҚРҰБ-нің басқаруындағы Ұлттық қордың активтері орталық банктің аналитикалық шоттарына кіреді.

Деректер келесі көрсеткіштер бойынша таратылады:

(1) Тар және кеңейтілген мағынадағы ақша базасы (құрамында: ҚРҰБ-ден тыс қолма-қол ақша, екінші деңгейдегі банктердің депозиттері, банкке жатпайтын қаржы ұйымдарының аудармалы депозиттері және мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы институттарына жатпайтын ұйымдардың ұлттық валютадағы ағымдағы шоттары).

(2) Орталық Үкіметке қойылған таза талаптар.

(3) Өзге экономикаға берілген ішкі кредит (банктерге, банкке жатпайтын қаржы ұйымдарына, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар, үй шаруашылықтарына қойылған талаптарды есепке ала).

(4) Ұлттық Банктің шетелдік активтері мен шетелдік міндеттемелері (Ұлттық Банктің басқаруындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Қордың шетелдік активтерін есепке ала).

(5) Басқа таза ішкі активтер – басқа қаржы активтері, қаржылық емес активтер, басқа міндеттемелер және капитал шоттары бойынша бөлінген.

Дүркінділігі

Ай сайын

Уақытылылығы

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 6-ші жұмыс күні

Жұртшылықтың пайдалануы

Басылымдардың күнтізбегін алдын ала тарату

ҚРҰБ-і статистикалық деректерді жариялау күнтізбегін өзінің интернет-ресурсында алдын ала таратады.

Барлық мүдделі жақтар үшін бір уақытта жариялау

Ұлттық Банктің аналитикалық шоттары ҚРҰБ-нің интернет-ресурсында және айлық «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады.

Толықтығы

Ресми статистиканың, жеке респонденттердің құпиялылығын есепке алғандағы, тапсыру мерзімдері мен жинау шарттары

Ақша-кредит статистикасын жасау жұмыстарыҚазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 7-ші және 8-ші бабтарына және Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабына сәйкес жүргізіледі, ол заңдар «екінші деңгейдегі банктер Қазақстанның Ұлттық Банкінің сұрауы бойынша, өз құзыреті шегінде бағытталған өзінің қаражаттары туралы ақпараттың қайсысында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс қаражаттары туралы да, тартылған депозиттері мен берген кредиттерінің мөлшері, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары және басқа да мәліметтерді, банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қоса, беруге міндетті».

Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 8-ші бабына сәйкес Ұлттық Банктің міндетінің бірі қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату. Респондентер туралы ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабы белгілейді: «Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады».

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 501-ші бабы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағыныстағы ұйымы лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі» айыппұлдық ықпалшараларды қарастырады.

Үкіметтің деректерді жарияланғанға дейін пайдалана алуын сәйкестендіру

ҚРҰБ-нен тыс пайдаланушылар ресми басылымға дейін деректерді пайдалана алмайды.

Статистикалық басылымдарға министрліктердің беретін түсініктемелерін сәйкестендіру

Мемлекттік басқару органдарының ешқандай түсініктемелері деректердің басылымына қосымша берілмейді.

Әдістемелердегі қайта қаралулар және негізгі өзгерістерді алдын ала ескерту жайлы ақпараттармен қамтамасыз ету

Ұлттық Банк жариялайтын монетарлық статистика, тек алдын-ала деректерге негізделген желтоқсанның соңына берілетін деректерді есепке алмағандағы, түпкілікті деректер болып есептеледі.

Әдістемедегі барлық негізгі өзгерістер алдын-ала өзгерістер енгізілгенге дейін беріледі.

Сапасы

Статистиканы дайындауда пайдаланатын әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

Монетарлық шолуда пайдаланылатын әдістеменің қысқаша сипаттамасы орыс, мемлекеттік және ағылшын тілдерінде шығарылатын «ҚРҰБ-нің Статистикалық бюллетенінде» жарияланады.

Статистикалық кросс-тексерулерді қолдайтын және өзгерістердің кепілдігін қамтамасыз ететін әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

Ұлттық Банк бойынша деректер ҚРҰБ-нің интернет-ресурсында орналастырылады және ҚРҰБ-нің айлық Статистикалық бюллетенінде келесі түрде жарияланады: жылдық деректер негізінен соңғы 5 жылдар бойынша және айлық деректер – ағымдағы жыл бойынша, келесі көрсеткіштер бойынша беріледі:

1) ақша базасы

2) сыртқы активтер/міндеттемелер

3) Орталық Үкіметке берілген таза кредит

4) басқа ішкі секторларға берілген кредит

5) ҚРҰБ ноталары

6) басқа таза активтер

7) ақша базасында есепке алынбайтын депозиттер.

 

Тарату нысандары:

Баспасөзде    
(x ) басылымға арналған хабарлар    
( ) апталық (х) айлық бюллетень () тоқсандық
(х) басқалар    
     
Электрондық    
(x) жарнамалардың электрондық тақтасы немесе елдің деректер базасы
( ) дискеттер ( )компакт-диск ( ) басқалар

Тарату нысандары:

Айына 2 рет жарияланатын ақпарат: Ұлттық Банк бойынша монетарлық шолу және халықаралық резервтер мен Ұлттық қордың активтері туралы мәлімет алдын ала деректер негізінде – есепті айдың басында және нақтыланған деректер негізінде – есепті айдың соңында орыс және қазақ тілдерінде жарияланады.

Айлық басылымдар: ҚРҰБ статистикалық бюллетені қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Электрондық түрі www.nationalbank.kz

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 222 60 16,
+7 7172 749002
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter