Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Депозиттік ұйымдардың аналитикалық шоттары

Жаңарту күні: 2018 Қазан

Қазақстан: Деректер таратудың арнайы стандарты
Метадеректер

Деректерінің санаты: Депозиттік ұйымдардың аналитикалық шоттары

Байланысатын тұлға

Виктория Никитина
Лауазымы: Ақша-кредит статистикасы басқармасының бас маманы
Зерттеулер және статистика департаменті

Мекен жайы: Қазақстан, Алматы, Көктем-3, 21
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Телефоны: + 7 (727) 2704 926
Электрондық поштасы: v_stat@nationalbank.kz

Қамтуы, дүркінділігі және уақытылылығы

Қамтудың ерекшеліктері

Деректер депозиттік корпорациялардың аналитикалық шоттары бойынша млн теңгеде ұсынылады. Деректер Қазақстан аумағында қызмет ететін екінші деңгейлі банктердің жиынтық балансын, Ұлттық Банктің (ҚРҰБ) басқаруындағы Ұлттық Қордың активтері есепке алынған ҚРҰБ балансын қамтиды. 2003 жылдың желтоқсанымен 2005 жылдық желтоқсаны аралығында кредиттік серіктестіктердің шоттары есепке алынды. Қазақстан Республикасының заңдарына лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге байланысты кредиттік серіктестіктерге ҚРҰБ өкілеттігі таралмайтындықтан 2006ж. қаңтардан бастап депозиттік ұйымдардың аналитикалық шоттарында кредиттік серіктестіктердің шоттары есепке алынған жоқ. Тарату процесіндегі банктердің шоттары депозиттік ұйымдардың аналитикалық шоттарына кірмейді.

Деректер келесі санатта беріледі:

Ақша агрегаттары (айдың соңындағы айқындама), құрамында: (a) айналыстағы қолма-қол ақша M0, (б) тар ақша массасы M1, (в) ауқымды ақша массасы M2 және (г) кең ақша массасы M3 бар. M0 депозиттік ұйымдардан тыс қолма-қол ақша (ҚРҰБ және екінші деңгейлі банктердің кассасындағы қолма-қол ақша шегерілген ұлттық валютадағы айналыстағы банкноттар мен монеталар) ретінде анықталады; M1 - M0 плюс банкке жатпайтын заңды тұлғалар мен халықтың ұлттық валютадағы аудармалы депозиттері; кең ақша массасы M2 - M1 плюс ұлттық валютадағы басқа депозиттері және банкке жатпайтын заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері. Ақша массасы M3 - M2 плюс банкке жатпайтын заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа депозиттерінен тұрады. Жергілікті және аймақтық басқару органдарының депозиттері 2001 жылғы желтоқсаннан бастап ақша агрегаттарының құрамында есепке алынды.

Орталық Үкіметке қойылған таза талаптар (2001 жылғы желтоқсанға дейін Жалпы Үкімет бойынша деректер берілген).

Өзге экономикаға берілген ішкі кредит, қаржы секторына (екінші деңгейлі банктер есепке алынбайды), мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы институттарына жатпайтын ұйымдарға, аймақтық және жергілікті басқару органдарына (2001 жылғы желтоқсаннан бері), үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарға және халыққа қойылған талаптардан тұрады.

Депозиттік ұйымдардың таза шетелдік активтері активтер мен міндеттемелер бойынша нақтыланған.Шетелдік позиция ішкі позициядан резиденттік белгілер бойынша өзгешеленеді.

Басқа таза ішкі активтер-басқа қаржы активтері, қаржылық емес активтер, басқа міндеттемелер және капитал шоттары бойынша бөлінген.

Ұлттық Банкте сатуға арналмаған, өтеуге дейін ұстап отырған инвестициялар жәнесатуға арналмаған несиелер мен дебиторлық берешектер және әділ құны шынайы деңгейде жеткілікті түрде анықтала алмайтын, белсенді нарықта нарықтық баға белгілеуі жоқ қаржы активтері есепке алынбаған қаржылық активтер әділ құнмен бағаланады.

Сыртқы нарықтың қаржы инструменттерінің құндық бағалауы бір жұмыс күні бұрынғы қаржы нарығындағы сауда-саттықтың жабылу сәтіндегі белгілеуге (бағаларға) сәйкес Ұлттық Банктегі монетарлық қызметті реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актінде көрсетілген басым тәртіппен қолданылатын дереккөздердің ақпараты негізінде күн сайын есептеледі.

Шетел валютасын есепке алуда Астана уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қор биржасының таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) екі сессияларының қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.

Қазақастан Қор Биржасында сауда-саттық жүрмейтін шетел валюталары бойынша құндық бағалау, REUTERS және Bloomberg ақпараттық агенттігі каналдары бойынша алынған белгілеулерге сәйкес, бағалау жүргізілетін күні Астана уақытымен 16.00 сағатта қалыптасқан кросс-бағамдарға сәйкес есептеледі.

Қайта бағалау теңгенің шетел валюталарына қарағандағы орташа есептелген биржалық бағамы өзгерген әр жағдайда және айдың соңғы күніне жүргізіледі.

Дүркінділігі

Ай сайын

Уақытылылығы

Есеп берілген айдан кейінгі 25-ші күнге дейін

Жұртшылықтың пайдалануы

Басылымдардың күнтізбегін алдын ала тарату

ҚҰБ статистикалық деректерді жариялау күнтізбегін Интернет торындағы ҚҰБ-нің беттерінде алдын ала таратады.

Барлық мүдделі жақтар үшін бір уақытта жариялау

Монетарлық статистика барлық мүдделі жақтарға ҚРҰБинтернет-ресурсында ашық пайдаланылуға беріледі және «Статистикалық бюллетень» айлық басылымында жарияланады.

Толықтығы

Ресми статистиканың, жеке респонденттердің құпиялылығын есепке алғандағы, тапсыру мерзімдері мен жинау шарттары

Ақша-кредит статистикасын жасау жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 7-ші және 8-ші бабтарына және Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабына сәйкес жүргізіледі, ол заңдар «екінші деңгейдегі банктер Қазақстанның Ұлттық Банкінің сұрауы бойынша, өз құзыреті шегінде бағытталған өзінің қаражаттары туралы ақпараттың қайсысында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс қаражаттары туралы да, тартылған депозиттері мен берген кредиттерінің мөлшері, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары және басқа да мәліметтерді, банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қоса, беруге міндетті».

Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 8-ші бабына сәйкес Ұлттық Банктің міндетінің бірі қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату. Респондентер туралы ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабы белгілейді: «Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады».

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 501-ші бабы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағыныстағы ұйымы лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі» айыппұлдық ықпалшараларды қарастырады.

Үкіметтің деректерді жарияланғанға дейін пайдалана алуын сәйкестендіру

ҚРҰБ-нен тыс пайдаланушылар ресми басылымға дейін деректерді пайдалана алмайды.

Статистикалық басылымдарға министрліктердің беретін түсініктемелерін сәйкестендіру

Мемлекттік басқару органдарының ешқандай түсініктемелері деректердің басылымына қосымша берілмейді.

Әдістемелердегі қайта қаралулар және негізгі өзгерістерді алдын ала ескерту жайлы ақпараттармен қамтамасыз ету

Ағымдағы кезеңде шоттар қайта сыныпталған жағдайда қайта қаралған тарихи деректерді банктер тапсырмайды. Есепті айдың соңында нақтыланатын және жаңартылуы ескеріліп жарияланатын сыртқы активтер деректерін есепке алмағанда Ұлттық Банк жариялайтын монетарлық статистика,түпкілікті деректер болып есептеледі.

Әдістемедегі негізгі өзгерістер өзгерістер енгізілгенге дейін алдын-ала беріледі.

Сапасы

Статистиканы дайындауда пайдаланылатын әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

Монетарлық шолуда пайдаланылатын әдістеменің қысқаша сипаттамасы ҚРҰБ интернет-ресурсында таратылады мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылатын «ҚРҰБ-нің Статистикалық бюллетенінде» жарияланады.

Статистикалық кросс-тексерулерді қолдайтын және өзгерістердің кепілдігін қамтамасыз ететін әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

Ақша-несие статистикасы бойынша деректер ҚРҰБ интернет-ресурсында орналастырылады және айлық ҚРҰБ Статистикалық бюллетенінде келесі түрде жарияланады: жылдық деректер негізінен соңғы 5 жылдар бойынша және айлық деректер – ағымдағы жыл бойынша.

Деректер келесі түрде бөлініп беріледі:

1) орталық банктің, коммерциялық банктердің ірілендірілмеген баланстары бойынша;

2) клиенттердің депозиттері;

3) клиенттерге берілген кредиттер;

4) депозит пен кредит бойынша проценттік ставкалар;

Тарату нысандары:

Баспасөзде

   

( ) басылымға арналған хабарлар

   

( ) апталық

(х) айлық бюллетень

() тоқсандық

(х) басқалар

   
     

Электрондық

   

(x) жарнамалардың электрондық тақтасы немесе елдің деректер базасы

( ) дискеттер

( )компакт-диск

( ) басқалар

Тарату нысандары

Айына 2 рет жарияланатын ақпарат: банктік монетарлық шолу алдымен алдын ала деректер негізінде жарияланады және нақтыланған деректер негізінде (сыртқы активтер бойынша) – есепті айдың соңында орыс және қазақ тілдерінде жарияланады.

Айлық басылымдар: ҚРҰБ статистикалық бюллетені қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Электрондық долбары: www.nationalbank.kz

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter