Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу

Ауыл шаруашылығы санағы

Қазақстанда бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізілді, бірінші кезеңде, 2006 жылы – «Өсімдік шаруашылығы» саласы бойынша, екінші кезеңде, 2007 жылы – «Мал шаруашылығы» саласы бойынша. Ауыл шаруашылығы санағы нәтижесінде аграрлық саланың жағдайы туралы нақты объективті көрінісі алынды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және аграрлық және жер реформаларымен байланысты олардың мүмкіндіктері, елдің азық-түліктік ресурстарын қалыптастыруда әр ауыл шаруашылығы санаттарының рөлі туралы толық деректер алынды.
Қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет қаражаты.
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты: Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу.
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу міндеттері: 1. барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің толық сапалы сипаттамаларын алу;
2. казақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салғастырымдылығын камтамасыз ету:
3. тіркелімді зерттеу және өзектендіру үшін базистік шама ретінде қолдану үшін барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі жиынтығын құру;
4. алынған статистикалық деректерді сапалы өңдеуді және талдауды және оларға пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Өткізу мерзімдері: Ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңмен өткізілді:
Бірінші кезең 2006 жылғы 10 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өткізілді, өсімдік шаруашылығының мына көрсеткіштері зерттеледі:
-жер аумағы;
-ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқабы және олардық сұрыптық құрамы;
-түрлері, сұрыптары және олардың жас құрамы бойынша жеміс жидек екпелерді және жүзімдіктердің алаңдары;
-минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану.
Санақтың I-кезеңінің бірсәтті күні – 2006 жылғы 1 тамыз.

Екінші кезең 2007 жылғы 14 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өткізілді, мал шаруашылығының мына көрсеткіштері зерттелді:
-түрлері, жыныс топтары және олардың тұқымдық құрамы бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны;
-ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын ұстау үшін өндірістік ауыл шаруашылығы құрылыстарының қолда бары;
-астық, картоп және т.б. үшін сақтау қоймаларының қолда бары және қолдануы;
-ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша шағын цехтердің қолда бары;
-ауыл шаруашылығы техникасының, құрал-жабдықтардың және жүк автомобильдерінің және жөндеу шеберханаларының қолда бары және жағдайы;
сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында (ветеринариядан басқа) қызмет көрсеткен субъектілер санақтан өтті.
Санақтың II-кезеңінің бірсәтті күні – 2007 жылғы 1 қаңтар.

Санақ субъектілері: Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын негізгі және қайталама түрлерімен заңды тұлғалар, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен және сақтаумен айналысатын, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін (ветеринариядан басқа) кәсіпорындар, шаруа (фермер) қожалықтары; ауылдық және қалалық жерлердегі үй шаруаршылықтары; саяжай участкелерінің иелері.
Санақ объектілері: Жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының басы; ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтары; мал шаруашылығы кешендері және құс фабрикалары; өндірістік құрылыстары және ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын ұстау үшін жайлары; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау үшін құрылыстар мен құрылымдар; жөндеу шеберханалары мен гараждар; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған шағын цехтер.
Санақ қамтылуы: 2,5 мың ауылдық және кенттік округтер; 7,5 мың елді мекендер, 9 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 194 мың шаруа (фермер) қожалықтары, 2,2 млн үй шаруашылықтары және 560 саяжай учаскелері санақпен қамтылған.
Тартылған кадрлар: Санақты өткізуге шамамен 40 мыңдай санақ кадрлары – статистиктер, нұсқаушылар, интервьюерлер, деректерді енгізу операторлары тартылған болатын
Жарияланым: Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының алдын ала нәтижелері алты томда жарияланды (2007 жыл).
Санақтың соңғы нәтижелерінің тоғыз томдық жарияланымы аяқталуда (2008 жылғы 1-жартыжыл).
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңынынң 15-бабына сәйкес екінші ұлттық санағы 2015 жылдан кеш емес өткізіледі.
Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter