Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

БАҚ-ты және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Тарау 9

БАҚ-ты және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану


АКТ-ны жастардың пайдалануы олардың қоғам дамуына үлес қосуға және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді


Газет/журналдардың оқылуы, радионың тыңдалуы және теледидардың көрілуі арқылы бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) қол жеткізу және ақпараттық технологияларды пайдалану туралы ақпарат 15-49 жастағы әйелдерден жиналды, ал компьютерлер мен Интернеттің пайдаланылуы туралы сұрақтар 15-24 жастағы әйелдерге қойылды.

БАҚ-ты пайдалану

Қазақстандағы 15-49 жастағы әйелдердің жартысы дерлік немесе 49,0% аптасына бір рет газет немесе журнал оқиды, шамамен әрбір төртінші әйел немесе 26,5% радио тыңдайды және 96,0% теледидар көреді.

c9_fig1_kz

Тұтастай алғанда әйелдердің 2,3% осы үш БАҚ-тың ешқайсысын пайдаланбайды, ал 97,7% БАҚ-тың жоқ дегенде бір түрін пайдаланады, ал 16,1% – аптасына жоқ дегенде бір рет БАҚ-тың барлық үш түрін (жиынтығында) де пайдаланады.

Ауылдық жерге қарағанда қалалық жердің әйелдері БАҚ-тың барлық үш түрін (20,6 және 10,2 пайыз сәйкесінше) жиі қолданады. Сонымен қатар, жоғары білімі бар әйелдер негізгі орта білімі бар әйелдерге қарағанда, БАҚ-тың барлық үш түрін үш есе жиі пайдаланады (22,5 және 6,7 пайыз сәйкесінше). Ал өте бай үй шаруашылықтарының әйелдері өте кедей үй шаруашылықтарының әйелдеріне қарағанда БАҚ-тың барлық үш түрін 3 есе жиі (24,7 және 7,1 пайыз сәйкесінше) пайдаланады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану жастардың ғылыми және шығармашылық потенциалын ашуға, жаңа білім мен дағды алу, кез келген саладағы ой-өрісін кеңейту және кәсіпқойлықты арттыруға көмектеседі.

Қазақстанда АКТ-ны жас әйелдердің пайдалану деңгейі аса жеткілікті деңгейде.

c9_fig2_kz

Пікіртерім алынған 15-24 жастағы әйелдердің 97,9% бір рет болсын компьютер пайдаланған; зерттеуге дейін 88,2% соңғы 12 ай бойы компьютер пайдаланған, ал 77,0% оларды соңғы ай бойы жоқ дегенде аптасына бір рет пайдаланған. Тұтастай алғанда, зерттеудің пікіртерім алынған 15-24 жастағы әйелдердің 96,8% бір рет болсын ғаламторды пайдаланған, бұл ретте зерттеуге дейін 94,6% соңғы 12 ай ішінде ғаламторды пайдаланған. Ғаламторды пайдаланған жас әйелдердің үлесі жиі, яғни соңғы ай ішінде жоқ дегенде бір рет – 89,8% құрады. Соңғы 12 ай ішінде компьютерді де, ғаламторды да пайдалану 15-19 жастағы әйелдер арасында көбірек таралған.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter