Темекі бұйымдары мен алкогольді қолдану
Тарау 11
Темекі бұйымдарын қолдану – созылмалы аурулардың, оның ішінде обыр, өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларының бірқатары қатерінің негізгі факторларының бірі. Алкогольді шамадан тыс қолдану оның масаңдататын, уытты және тәуелділік туындататын қасиеттеріне байланысты денсаулық және әлеуметтік салдар үшін жағымсыз салдар қатеріне әкеп соғады. Ұзақ мерзімді перспективада алкоголь ішімдіктерін шамадан тыс қолдану жүрек-қан тамырлары жүйесінің проблемаларына, неврологиялық бұзылуларға, бауырдың ауыруына және әлеуметтік проблемаларға әкеп соғуы мүмкін
Темекі бұйымдарын қолдану
Әйелдер, әсіресе жас әйелдер арасында, темекі шегу өздерінің денсаулығына және балаларының денсаулығына, сондай-ақ жүктіліктің өтуіне және оның соңына елеулі әсер етеді. Әйелдердің жүкті кезінде темекі шегуі іштегі нәрестенің жатыр ішінде дамуына теріс ықпал етеді; оның үстіне түсік тастау немесе нәрестенің шала тууы, сондай-ақ туа біткен патологиялардың немесе жаңа туылған нәресте салмағының кем болуы ықтималдығы – жүкті кезінде темекі шегетін әйелдер үшін жеткілікті қатер тудырады.
Қазақстанда 15-49 жастағы әйелдердің 26,9% белгілі бір темекі бұйымын қолданғанын хабарлады.
Қалалық жерде әйелдердің бұрын темекі бұйымдарын қолдануы, ауылдық жерге қарағанда, екі есе жоғары (тиісінше 34,7% және 16,9%) және квинтиль деңгейі жоғары үй шаруашылығында тұратын әйелдермен салыстырғанда (тиісінше 37,3% квинтиль деңгейі төмен кедей үй шаруашылығнда тұратын әйелдерге қатысты 17,1%.
Әйелдердің 73,0% ешқашан шекпегенін және темекі бұйымдарының қандай да бір түрін қолданбағанын айтты, бұл ретте ауылдық жерде мұндай әйелдердің үлесі қалалық әйелдерден әлдеқайда басып озады (тиісінше 83,1% және 65,2%).
Қазақстанда әйелдер арасында 15 жасқа толғанға дейін шегуді бастаудың таралуы мардымсыз: әйелдердің 0,9% ғана 15 жасқа толғанға дейін алғашқы сигаретін шеккенін көрсетті. Білім деңгейі төмен және әл-ауқат деңгейі жоғары үй шаруашылығында тұратындар қатарындағы жас әйелдер ерте (15 жасқа дейін) шегіп бастаған.
Алкогольді қолдану
Қазақстанда соңғы айда бір немесе бірнеше күн ішінде төрт әйелдің кем дегенде біреуі немесе 25,1% алкогольдің, ең болмаса, бір порциясын ішкен. 15 жасқа толғанға дейін алкогольдің, ең болмаса, бір порциясын ішкен 15-17 жастағы әйелдердің пайыздық үлесі 15-49 жастағы әйелдердің пайыздық үлесінен басым (тиісінше 1,4% және 0,2%).
Осы жас тобындағы әйелдердің 0,5% ғана алкогольді 15 жасқа толғанға дейін алғаш рет қолданған, сол уақытта әйелдердің 33,7% алкоголь ішімдіктерін ешқашан қолданбаған.