Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
Жолаушы айналымы

Жолаушы айналымы

Жаңартылған күні: 4.12.2017

Көрсеткіш:

excel_знак Н-29 Жолаушы айналымы

Қысқаша сипаттамасы:

Жолаушы айналымы – көліктің жолаушылар тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Тасымалдауды арақашықтығына тасымалдаудың әрбiр позициясы бойынша жолаушылардың санын көбейтіндісін қосу арқылы анықталады; көлiктiң, тасымалдау бағдарларының түрлері басқа белгілері бойынша жеке есептеледі. Жүктер, жолаушылар тасымалдау көлеміне «көлік» қызметінің негізгі түрі бар кәсіпорындар деректері, сондай-ақ коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер орындаған жүк және жолаушылар тасымалының көлемін бағалау енгізілген.

Әдіснама:

Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіннің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме» сәйкес қалыптастырылады.
Жолаушы айналымы бойынша деректерді қалыптастыруға жауапты орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті болып табылады. Ақпарат жыл сайын 2-ТР (жд) «Қатынас түрлері бойынша теміржол көлігінің қызметтері туралы есеп», 2-ТР (ішкі су) «Қатынас түрлері бойынша ішкі су көлігінің қызметтері туралы есеп», 2-ТР (әуе) «Қатынас түрлері бойынша әуе көлігінің қызметтері және жұмысы туралы есеп», 2-ТР (теңіз) «Теңіз кемелерінің бары және қатынас түрлері бойынша теңіз көлігінің қызметтері туралы есеп», 2-ТР (авто, электр) «Қатынас түрлері бойынша автомобиль және қалалық электр көлігінің қызметтері туралы есеп» нысандары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың қорытындылары бойынша жылына бір рет қалыптастырылады.

Өлшем бірліктері:

Көрсеткiш жолаушы-километрмен өлшенедi, яғни жолаушының 1 км жерге жылжуы.

Қысқаша түсіндіру:

1990 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында жолаушылар айналымы 3,7 есе артты. Егер 1990 жылы жолаушылар айналымы 91241 млн. жкм құраса, 2016 жылы 266 784 млн. жкм құрады. Қазақстан Республикасында жолаушылар айналымының негізгі үлесін автомобиль және қалалық электр көлігі құрайды. 2016 жылы автомобиль және қалалық электр көлігінің үлесі 89,0% құрады.

H-29_kk

Мақсаты:

Жолаушы айналымы - қозғаушы күштердiң көрсеткiшi. Көлiктiң әртүрлi түрлерiнiң реттеу және дамыту үшін өте маңызды болып табылады. Көлiктiң әртүрлi көлік түрлерімен атқарылатын жолаушы айналымының қатынасы әрекет ету шараларының тиiмдiлiгiн бағалауға жәрдемдеседi.

Сілтемелер:

1) 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме

2) «Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы» жинағы

3) «Қазақстан Республикасындағы көлік» жинағы

4) 2-ТР (жд) «Қатынас түрлері бойынша теміржол көлігінің қызметтері туралы есеп» нысаны

5) 2-ТР (ішкі су) «Қатынас түрлері бойынша ішкі су көлігінің қызметтері туралы есеп» нысаны

6) 2-ТР (әуе) «Қатынас түрлері бойынша әуе көлігінің қызметтері және жұмысы туралы есеп» нысаны

7) 2-ТР (теңіз) «Теңіз кемелерінің бары және қатынас түрлері бойынша теңіз көлігінің қызметтері туралы есеп» нысаны

8) 2-ТР (авто, электр) «Қатынас түрлері бойынша автомобиль және қалалық электр көлігінің қызметтері туралы есеп» нысаны

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter