Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу

Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу

Жаңартылған күні: 8.11.2016

Көрсеткіш:

excel_знак F-23 Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу

Қысқаша сипаттамасы:

Көрсеткіш өңделетін жерлер мен көпжылдық екпелер алаңының бірлігіне есептелген минералдық және органикалық тыңайтқыштар санын көрсетеді. Ауыл шаруашылығында өнімділікті жоғарылату үшін минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолдануда экологиялық қауіптілік артады, мысалы су мен топырақтың ластануының қауіптілігі, және  топырақ микрофлорасының табиғи балансын  бұзушылықты қоса қоршаған ортаның басқа құрамбөліктері кері ықпал етеді. Ауызсудағы нитраттар мен нитриттердің жоғары деңгейі адамдардың денсаулығына қауіп тұғызады.

Әдіснама:

Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіннің  2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме» сәйкес қалыптастырылады.
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу  бойынша деректерді қалыптастыруға жауапты орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті болып табылады. Ақпарат жыл сайын «Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» (нысан индексі - 29-сх жылдық) және «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» (нысан индексі - А-005 жылдық) нысандары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың қорытындылары негізінде жылына бір рет қалыптастырылады.

Өлшем бірліктері:

Гектарға килограммен өлшенеді.

Қысқаша түсіндіру:

2000 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде минералдық тыңайтқыштарды енгізудің өсуі байқалады. Егер 2000 жылы минералдық тыңайтқыштарды енгізуді жалпы көлемі 46,1 мың тоннаны құраса, онда 2015 жылы минералдық тыңайтқыштарды енгізудің жалпы көлемі 404,6 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, органикалық  тыңайтқыштарды енгізудің құлдырауы белгіленді. Егер 2000 жылы органикалық тыңайтқыштарды енгізудің жалпы көлемі 175,7 мың тоннаны құраса, 2015 жылы органикалық тыңайтқыштарды енгізудің жалпы көлемі 145,2 мың тоннаны құрады.

F-23_kk

Мақсаты:

Көрсеткіш қоршаған ортаға тыңайтқышты енгізу арқылы болған әсерді бағалауға мүмкіндік береді (топырақта биогенді заттардың мол санын жинақтау, жерүсті және жерасты сулары, сондай-ақ трофикалық тізбектер биогенді элементтер миграциясы бойынша және басқа қоршаған ортаның басқа құрамбөліктеріне енуі). Тыңайтқыштарды енгізу туралы деректердің уақытша қатарларын талдауға, олардың қоршаған ортаға әсерін және қоршаған ортаға тыңайтқыштардың жағымсыз әсерімен күресу жүргізу стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сілтемелер:

1) 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі  әдістеме

2) «Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы» жинағы

3) 29-сх жылдық «Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» нысаны

4) А-005 «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» нысаны

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 707 755 24 49
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 07
Баспасөз қызметі:
Алимова Д.А.
8 701 555 7859,
+7 7172 74 92 57
e-mail: Di.Alimova@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter