Оттегін биохимиялық тұтыну (ОБТ5) және өзен суындағы аммоний азотының концентрациясы
Жаңартылған күні: 08.02.2019
С-13 Оттегін биохимиялық тұтыну (ОБТ5) және өзен суындағы аммоний азотының концентрациясы
Оттегіні биохимиялық тұтыну – судағы болатын органикалық заттарды аэробтық ыдырату үшін ағза тұтынатын ерітілген оттегінің саны. Органикалық заттардың көп санының болуы (микроорганизмдер және ыдыраудағы органикалық қалдықтар) өзен суының химиялық және биологиялық сапасының төмендеуіне, сондай-ақ су қоғамдастығы биоәртүрлігінің азаюына және микробиологиялық ластануға әкелуі мүмкін, бұл пайдаланылатын нылатын судың сапасына теріс әсер ету мүмкін. Органикалық заттардың көздері су тазарту имараттарының төгінділері, өнеркәсіптік ақаба сулар және ауылшаруашылығы алқаптарының ағын сулары болып табылады.
Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады. Оттегін биохимиялық тұтыну (ОБТ5) және өзен суындағы аммоний азотының концентрациясы бойынша деректерді қалыптастыруға жауапты орган Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны болып табылады. Өзендердің ластану жағдайы стационарлық посттардан алынған судың сынаптарын талдау мен өндеудің нәтижелері бағаланады.
Литрге тиісті заттың миллиграмында (мг) өлшенеді.
Соңғы 13 жылдың ішінде Ертіс өзеніндегі оттегінің деңгейі былай өзгерді. Егер 2005 жылы Боран ауылы станциясында – 1,89 мг/л, Өскемен станциясында – 3,99 мг/л және Прииртышское станциясында 3,56 мг/л құраса, 2017 жылы 1,85 мг/л, 1,13 мг/л мен 1,83 мг/л тиісінше құрады. Сонымен қатар, соңғы 13 жылдың ішінде Ертіс өзеніндегі аммоний иондарының концентрациясы Боран ауылы станциясында 0,37 мг/л - 0,02 мг/л-ге төмендеді, Өскемен бекетінде 1,38 мг/л - 0,27 мг/л-ге дейін төмендеді.
Осы көрсеткіш тез қышқылданатын органикалық заттар және аммоний азотымен өзендердің ластану деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
1) 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме
2) «Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы» жинағы
3) «Қазгидромет» РМК http://www.kazhydromet.kz/