С-11 Тұщы суды қайтадан және айналымдық пайдалану
Жаңартылған күні: 08.02.2019
Осы көрсеткіш тұщы су ресурстарын пайдаланудың жалпы көлемінің пайызы ретінде жалпы ел бойынша суды қайта пайдаланудың жалпы көлемін, сондай-ақ суды қайта пайдаланудың көлемін анықтайды.
Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Осы көрсеткіш су алу, пайдалану және суды бұру туралы жыл сайынғы ведомстволық статистикалық байқаудың негізінде қадағаланады және қалыптастырылады. Жауапты орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті болып табылады.
Көрсеткіш жылына млн. м3 өлшенеді.
2003 – 2017 жылдар аралығындағы кезеңде суды қайта пайдаланудың көлемі пайдаланылған су көлемінен 30-40% деңгейінде қалады.
Берілген көрсеткіш экономиканың әр түрлі салаларындағы су ресурстарын басқарудың рационалдау жүйесі немесе тиімділігін көтеру бойынша әрекеттің ұлттық шарасына әсер ету деңгеін бағалауға мүмкіндігін береді.
1) 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме
2) «Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы» жинағы