Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
Парниктік газдар шығарындылары (ПГ)

Парниктік газдардың шығарындылары

Жаңартылған күні: 4.12.2017

Көрсеткіш:

excel_знак В-6 Парниктік газдардың шығарындылары

Қысқаша сипаттамасы:

БҰҰ АӨНК Киот хаттаммасының А қосымшасына енгізілген парниктік газдардың тізіміне: көміртегінің қос тотығы (СО2), метан (СН4), азот шала тотығы (N2O), гидрофторкөміртегілер (ГФК), перфторкөміртегілер (ПФК), алтыфторлы күкірт (SF6) кіреді.
Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемін тұтастай экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қалыптастырған жөн. Бұдан басқа, осы көрсеткішті жарияланымдарда халықтың жан басына шыққанда және тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында, сондай-ақ сатып алудың қабілеттілік тепе-теңдігінде (СҚТ) АҚШ долларында көрсетілетін ЖІӨ бірлігіне есептеп көрсету қажет.

Әдіснамасы:

Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіннің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме» сәйкес қалыптастырылады.
Парниктік газдарға түгелдеу жүргізуге жауапты орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №214 «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Энергетика министрлігіне бастапқы деректерді жыл сайын ұсынады. Осы құжат деректердің сапасын қамтамасыз етудің қағидасы мен көрсеткіштін дайындау кезінде бақылау процедураларың айқындайды.

Өлшем бірліктері:

Көрсеткіш СО2-эквивалентінің миллион тоннасында өлшенеді. Мемлекетаралық салыстырулар мақсатында көрсеткішті сондай-ақ ел аумағының км2 мың тоннамен қалыптастыру ұсынылады.

Қысқаша түсіндіру:

1990 жылы парниктік газдардың (CO₂ баламасында) жиынтық шығарындылары 387,2 млн.т. құрады. Соның ішінде көміртегі оксидтардың, азот оксиді (N2O) мен метанның (СН4) шығарындылары жылына 272,7 млн.т., 17,9 млн.т. және 96,6 млн.т. сәйкесінше құрады. 2015 жылы парниктік газдардың жиынтық шығарындылары 1990 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеп, 300,9 млн.т. құрады. Көміртегі диоксидтардың шығарындылары жылына 230,4 млн.т., азот оксидтың (N2O) – 0,040 млн.т., метанның (СН4) – 2,252 млн.т. құрады.

B-6_kk

Мақсаты:

Осы көрсеткіш қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларының бар және күтілетін қысымын анықтауға ғана емес, сонымен қатар нысаналы көрсеткіштермен салыстырғандағы парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға бағытталған, жүргізілетін ұлттық саясаттың тиімділігін, сондай-ақ нақты мақсаттарға жету жолындағы елдің ілгерілеу дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.

Сілтемелер:

1) 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме

2) «Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы» жинағы

3) «Жасыл даму» АҚ

4) Киот хаттаммасы бойынша жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

5) «Парниктік газдардың инвентаризациясы бойынша есептерді дайындаудың әдіснамасы мен өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 мамырдағы №149-е Заңы

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter