B-4 Ауа температурасы
Жаңартылған күні: 08.02.2019
Көрсеткіш ауаның орташа жылдық температурасын белгілі бар уақыт кезеңі ішіңдегі оның өзгеруін және жалпы ел бойынша және жекелеген өңірлерде орташа көпжылдық мәнінен ауытқуын сипаттайды.
Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады. Ауаның температурасына метереологиялық бақылауларды жүргізуге жауапты орган Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.
Көрсеткіш (˚С) Цельсий градустарында өлшенеді.
1990 – 2017 жылдар аралығындағы кезеңде ең жоғары орташа айлық ауа температурасы 2014 жылы 29,4 ˚С байқалған, ең төменгі орташа айлық ауа температурасы да осы жылы -22,4˚С болған.
Ауа температурасы Жердің климаттық жүйесінің ахуалына тікелей байланысты. Көрсеткіш орташа жылдық температураның ауытқу тенденциясын сипаттайды және табиғи климаттық өзгерістердің кезеңділігіне де, климаттың жаһандық өзгеруіне антропогендік әсерімен өзгерістер дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
1) 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме
2) «Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы» жинағы