Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
Атмосфералық ауаға ластайтын заттардың шығарындылары

Атмосфералық ауаға ластайтын заттардың шығарындылары

Жаңартылған күні: 4.12.2017

Көрсеткіш:

excel_знакА-1 Атмосфералық ауаға ластайтын заттардың шығарындылары

Қысқаша сипаттамасы:

Осы көрсеткіш қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларының бар және күтілетін антропогендік ықпалының дәрежесін айғақтайды, сонымен қатар нысаналы мәндерге қол жеткізу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш тұтастай атмосфералық ауаға антропогендік жүктеменің дәрежесін анықтауға ғана емес, сонымен қатар, стационарлы және жылжымалы көздердің, соның ішінде экономикалық қызмет түрлері (энергетика, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қалдықтармен жұмыс жасауға қатысты қызметтер) бойынша) сондай-ақ үй шаруашылықтарының қоршаған ортаға ықпалын бағалауға да мүмкіндік береді.

Әдіснама:

Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіннің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме» сәйкес қалыптастырылады. Атмосфералық ауаға ластайтын заттардың шығарындылары бойынша деректерді қалыптастыруға жауапты мемлекеттік орган Ұлттық экономика министрлігінін Статистика комитеті болып табылады. Ақпарат 2-ТП ауа (жылдық) нысаны бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша қалыптастырылады.

Өлшем бірліктері:

Жылына тиісті заттың мың тоннасында немесе кг өлшенеді.

Қысқаша түсіндіру:

1990 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде атмосфералық ауаға ластайтын заттар шығарындыларының негізгі үлесі күкірт диоксиді мен Есептелген салмақта бөлшектері (ЕСБ) (қатты) келеді. 1990 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластайтын заттар шығарындыларының көлемі (күкірт диоксиді, азот оксидтары, МЕҰОҚ, аммиак, көміртегі оксиді, көмірсутек және ЕСБ (қатты)) жылына 4649,9 мың тоннаны құрады. 2016 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластайтын заттар шығарындыларының көлемі жылына 2271,6 мың тоннаны құрады. 2016 жылдың жиынтық шығарындылары 1990 жылдың жиынтық шығарындыларының 44,0% құрады.

Мақсаты:

Осы көрсеткіш арқылы экологиялық саясатты, мысалы, шығарындылардың бекітілген нормативтерін және олардың негізінде берілген қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін қызмет түрлеріне лицензиялар мен рұқсаттамаларды қайта қарау жолымен, сондай-ақ экономикалық құралдарды қолдануды жетілдіру және қоғамды бар проблема мен оны шешу жолдары туралы қолжетімді түрде тұрақты ақпараттандыру жолымен түзетуге болады.

A-1_kk

Сілтемелер:

1) 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме

2) 2016 жылғы «Қазақстан Республикасындағы атмосфералық ауаны қорғауына шығындар» бюллетені

3) «Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы» жинағы

4) 2-ТП (ауа) «Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп» нысаны

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter